Дәріс №9. Компьютерлік графиканың даму тарихы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата24.09.2022
өлшемі1.49 Mb.
#461269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 9. Компьютерлік графика

Палитра типтері 
Бірканалды және көпканалды палитраларды ажыратады.
Бірканалды палитра бейненің әрбір элементі үшін бір ғана түстік шаманы 
қарастырады, және де бұл түстік модель пиксель түсіне көрсетеді (G)-220 
Көпканалды палитра 2 немесе одан да көп түстік шамаларды әрбір түстік 
элемент үшін қарастырады. (RGB)-(215,3,108) 
Палитралар пиксельдік, сондай-ақ жазық бағытталған болуы мүмкін.
Пиксельдік – бағытталған палитралар пиксельдердің түстері туралы барлық 
мәліметтерді массивтың әрбір элементінде биттер тізбегі түрінде сақтайды.
Жазық бағытталған палитрада пиксельдердің түстік құраушылары 
жазықтықтық бөлінген. Белгілі бір түстік каналға сәйкес келетін шамалар бірге 
сақталады да, палитра 3 бір каналды палитрадан тұрады, әрбір түстік канал үшін 
бір-бірден.
Бір каналды пиксельдік – бағытталған палитра бір элементке бір ғана 
пиксельді ұстайды. Көпканалды пиксельдік – бағытталған палитра да бір элементке 
бір ғана пиксельді ұстайды, бірақ әрбір пиксель 2 немесе одан да көп түстік каналды 
ұстайды.
Адам көзінің рецепторы 380-770 нм толқын ұзындығын қабылдайды. Әртүрлі 
ұзындықтағы толқындар адам көзімен әртүрлі қабылданады. Визуальды қабылдау 
жүйесі өзара жақын орналасқан түстерді жақсырақ қабылдайды, әсіресе егер олар 
көрінетін объектімен бөлінген болса. Ада көзі кішкентай объектілер түстерін жаман 
қабылдайды. Әдетте біз шығару құрылғысы бейнелейтін түстерден анағұрлым аз 
түстерді қабылдаймыз.
Түсті адам қабылдауы үшін бұл түс қалай алынғаны маңызды болып 
табылады. Әртүрлі енгізу-шығару құрылғыларында бірдей бейнені алу мүмкін емес. 
Түсті алудың әртүрлі тәсілдеріне байланысты әртүрлі құрылғыларда визуальданған 
бір ғана бейнелер әртүрлі болып көрінеді.
Түстік модельдер – аддитивтік және субтрактивтік 
Аддитивтік – жаңа түстер негізгі түсті қара түспен қосқанда алынатын түстер.
Қосылатын түстің интенсивтігі неғұрлым жоғары болса, нәтижелік соғұрлым аққа 
жақын болады. Барлық негізгі түстерді араластыру таза ақ түс береді, егер олардың 
интенсивтік мәні максимальды болса, және қара түс береді, егер олардың 
интенсивтік мәні минимальды (нольге тең) болса. Аддитивтік түстік орталар 
өзідігінен жарқырайтын болып табылады. Мысалы, монитордағы түс– аддитивті. 
Субтрактивті – барлық түстерді алу үшін негізгі түстер ақтан алынып 
тасталады. Алынатын түстің интенсивтігі неғұрлым көп болса, нәтижелік түстің 
қараға соғұрлым жақындығы жоғары. Барлық негізгі түстердің араласуы қара түс 
береді, егер олардың интенсивтік мәні максимальды болса, және ақ түс береді, егер 
олардың интенсивтік мәні минимальды (нольге тең) болса. Табиғатта субтрактивті 
орталар шағылыстыратын болып табылады. Қағазда визуальданған барлық 
бейнелер субтрактивті түстік модельге мысал бола алады.


RGB моделі (Red Green Blue) 
RGB – аддитивті түстік модель, 3 түске қызыл, жасыл және көгілдір 
негізделген. Оған қарама-қарсы – модель CMY (Cyan Magenta Yellow) – көгілдір, 
пурпур түсті, сары. Бұл субтрактивті түстік модель, жарықтанғанда негізгі 
түстердің әрқайсысы оны толықтыратын түсті жұтып алатынына негізделген 
(көгілдір-қызылды, пурпур түсті – жасылды, сары – көкті). 
Теориялық жағынан алғанда барлық негізгі түстерді алғанда қосындысы қара 
болып табылады, бірақ практикада қараны алу күрделірек, сондықтан модель жеке 
қара түстік компонетпен толықтырылған. CMYK түстік моделі (К қара Black – 
соңғы әріп). К – қара түс, ол бұл модельде негізгі болып табылады. Бұл модельді 
қолдану нәтижесі 4 – түсті түрлі-түсті баспа деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет