Дәріс №9 тақырыбы: деректер қорын басқару жүйесі


Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы  терезедегі Дайын (Готово)



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата10.06.2024
өлшемі0.66 Mb.
#502488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
14 Leksia 9

Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы 
терезедегі Дайын (Готово) батырмасын басумен аяқталады. Сонда бастапқы 
алынған файлдағы мәліметтер MS Access ДҚ-ның мәліметтеріне айналады. 
Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері анықталып, 
ондағы мәліметтер сырттағы басқа файлдан алынады. 
ДҚБЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес, өзара 
байланысқан кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді. Access–те 
кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Берілгендер схемасы 
(Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбаттық терезе бар. Бұл терезені 
Сервис

Берілгендер схемасы (Схема данных) командасымен немесе 
саймандар тақтасында 
батырмасын шерту арқылы ашуға болады (14-
сурет).


Тойлыбаев Н.С. Дәріс №9
13 
14-сурет. Берілгендер схемасы терезесі. 
Берілгендер схемасында байланыстыруға қажет барлық кестелер 
таңдалып болған соң, осы кестелер өрістері арасында байланыс құруға кірісу 
керек. Ол үшін бір кестедегі өріс атауын екінші кестедегі оған сәйкес 
байланысқан өріс атауына қарай тасу керек. Өрістерді тасып болған соң, 
құрылған 
байланыстар 
қасиеттерін 
анықтауға 
мүмкіндік 
беретін 
Байланыстарды өзгерту сұхбаттық терезесі ашылады.Орнатылған 
кестеаралық байланыс Берілгендер схемасы терезесінде әр кестенің екі 
өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте – 
басты, ал қалғаны бағынышты болып табылады. Басты кесте деп 
байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтамыз. Түйінді 
өрістің атауы берілгендер схемасында қарайтылған қаріппен көрсетіледі. 
Кестеаралық байланыстың негізгі міндеті: 
1)мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету; 
2)мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру. 
Кесте аралық байланыстардың төрт типі бар: 
1)“көбі-біріне”(

1); 
2)“бірі-көбіне” (1

); 
3)“бірі-біріне” (1

1); 
4)“көбі-көбіне” (

).
Мұндай “көбі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі бірнеше 
жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба, “бірі-көбіне” типтегі байланыс 
кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше жазба, 
ал “бірі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға 
бағынышты кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді. 
Берілгендер схемасы терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп 
алып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама мәзірін 
ашып, мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары көрстеліген басқару 
элементтерін таңдаймыз (15-сурет): 


Тойлыбаев Н.С. Дәріс №9
14 
15-сурет. Мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары. 
Мұнда: 
*Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности 
данных) байланысы кезінде басты кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді 
өшіру мүмкін емес; 
*Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление 
связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру 
(Каскадное удаление связанных записей) байланыстары кезінде басты 
кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен 
байланысқан кестелерде де жүргізіледі. 
Алмасу буфері арқылы ДҚ-да кестелердің көшірмесін алуға болады. 
Ол үшін ДҚ терезесінде қажетті кесте белгісін жанама мәзірде Көшіру 
командасын таңдаймыз. Сонан соң ДҚ бос аймағында тышқанның жанама 
мәзірінде Кірістіру командасын таңдай отырып, Кестені кірістіру сұхбаттық 
терезесінде кестеге атау беріп, «Тек құрылымы (только структура)», 
«Құрылымы мен берілгендері (структура и данные)», «Кестеге берілгендерді 
қосу (добавление данных в таблицу)» параметрлерінің бірін таңдаған соң, ОК 
батырмасын шертеміз (16-сурет). 
16-сурет.Кестенің көшірмесін алу терезесі. 
Кестенің мәліметтерін сорттау үшін қажетті өрісті белгілеп алғаннан соң


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет