Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет4/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

Митоз -- (грекше митоз -- жіп, хромосом пішінінің жіп тәрізді болуына байланысты аталған) ядроның бөлінуінің күрделі және әмбебап жолы.
Өсімдіктер клеткасының бөлінуінің бұл жолын алғаш ретИ.Д.Чистяков ашқан. Ол 1874 жылы «Өсімдіктерклеткасының тарихына мәліметтер» («Материалы к историирастительной клетки») деп аталатын еңбегін жазды.
Митоз жолымен вегетативтік (соматикалық) және дамуынынбелгілі бір кезеңінде өсімдіктер мен жануарлардың генеративтік клеткалары да бөлінеді.
Митоздың негізгі биологиялық мәні. пайда болатын екі жасклеткаға тұқым қуалау хабарынын (информациясынынң) теңдей бөлінуі және тұқым қуалаудын құрылымдык бірлігі, хромосомалар санынын, пішінінің, мөлшерінін аналық клеткамен бірдейболуы. Әдетте митозды Шартты Түрде: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп бөледі.
Профазаны (грекше про - аяғашқы) жарық микроскоплен» зерттеген кезде ядрода тромосомалын айқындала бастайды.Алғашқы кезде олардың көрінісі жіп шумағы төрізді. Бұдан кейін хромосома жіпшелері қысқарады, жуандайды, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады) Диффузды хроматинның жинақталуы, ДНК молекулаларының тығыз серіппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды.Оларды бұл жағдайда айқын ажыратуға болады.
Профазаның соңыңда ядрошық жоқ болып кетеді, ал ядроқабықшасы эндоплазмалық ретикулумның элементтерінен босап, жеке қысқа цистерналарға жіктеледі. Осының нәтижесіңде нуклеоплазма гиалоплазмамен араласады. Ядроданукленн қышқылдарының синтезделуі тоқталады. Ядроның екі полюсінде гиалоплазмада ядролық немесе полярлық қалпақшалар және сәл ғана боялған фибриллдердің жиынтығы пайда болады. Фибриллдер ялроның орталығына карай өседі.
Метафазада (грекше мета -- тысқары, кейін) хромосомалартолығынан айқын жекеленіп көрінеді және ядроның полюстерінің арасыңдағы бір деңгейдегі кеңістікке -- метефазалық тақтаға жиналады.
Диффузды хроматинның жинақты пішінге ауысуы, ядроныңгенетикалық матерналынын жас ядроларға бөлініп кетуін жеңілдетелі Жарық микроскопымен қараған кезде хромосомалар әдетте ұзындығы әр түрлі жіпшелер тәрізді болып көрінеді,өйткені метафазалық тақталағы жеке хромосомалардың пішіні мөлшері тиісіп «ңімдік түріне сәйкес әр түрлі болыпкеледі. Метафазада хромосомаларды санауға және олардың саны өсімдіктін белгілі бір түрі үшін тұрақты екеңдігіне көз жеткізуге болады Мысалы, екпе пиязда олардың саны барлық уақытта -- 16, жүгеріде -- 20, кәдімгі қарағайда -- 24, жұмсақ бидайда -- 42, дала қырықбуынында - 108.
Профазалық және метафазалық хромосомалар екіге бүктелген, ұзындықтары бірдей хроматидтерден пайда болған.Олардың әрқайсысы тығыздалған хроматиннен тұрады. Хромосомаларда оларды екі тең немесе тең емес «иықтарға»(плеча) бөліп тұратын орталық өлшемі (центромера) бар.
Ахроматин жіпшелері хромосоманың орталық өлшемінебекінеді. Орталық өлшем оның иілген жеріне орналасып,хромосоманың екі «иығын» қосып тұратын жерін атайды.Метафазада әрбір хромосоманың хромотидтері бір-біріненажыраса бастайды, олардың арасыңдағы байланыс тек орталық өлшемдер тұсында ғана сақталады. Полюстерден тартылған жіптер метафаза тақтасы арқылы өтеді. Олардың біразы хромосоманың орталық өлшеміне бекиді. Жіпшелердің жиынтығы ұршыққа ұқсас түзу пішін құрайды, сонлықтан да митоздық ұршық деп аталады. Электрондық, микроскоптан олардың ұршық жіпшелері параллель орналаскан микротүтікшелердің топтары екендігі айқындалады. Митоздық ұршық -хромосомаларды митоздық тақтада бағдарлауға және хромосомаларды клетканың полюстеріне бөлуге арналған аппарат.
Анафазада (грекше ана -- жоғары қарай) әрбір хромосоматуыстас (сестринскими) хромосомаларға айналатын екі хромотидке біржола бөлінеді. Бүдан кейін ұрық жіпшелерінің көмегімен туыстас хромосомалар жұбының бірі ядроның бір полюсіне қарай, екіншісі екінші полюсіне қарай жылжи
бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет