Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


ГҮЛДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ШЫҒУ ТЕГІ, АТАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ



бет13/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

ГҮЛДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ШЫҒУ ТЕГІ, АТАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі.Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктерде гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл – жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының жиегі кірігіп тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларына ашық жатады. Гүлде микро спорофиллдер(аталық) мен мегаспорофиллдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробилдері дара жынысты. Гүлде гүл қоршауы болса, стробилде ол жоқ. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолмен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне- гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл кіндігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін артқы жағы дейді. Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары- сағақты гүл, сағағы жоқтары – сағақсыз немесе қондырмалы гүл. Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара, кейде қос-қостан ұсақ жапырақшалар орналасады; олар гүл жапырақша деп аталады. Гүл серігінің болуына немесе болмауына байланысты: 1) гомохламидті. Гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей және олар серіппе тәрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте тәрізді; 2) гетерохламидты. Гүл серігі қос қабатты яғни өсімдік гүлінің құрамында тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі. 3) гаплохламидты немесе монохламидты. Гүл серігінің жапырақшаларыбір ғана шеңбер түзеді, тостағанша тәрізділер жиі кездеседі; 4) ахламидті. Гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп атайды(шетен,тал).




14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет