Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет5/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

Телефазада (грекше «телос» > соңы) туыстас хромосомалар -клетканың полюстеріне жетеді. Бүл профазаның кері көрінісі іспеттес: ұршық жоғарылап кетеді, полюстерге топталған хромосомалар босаңсып, болбырайлы әрі үзарады. Сөйтіп олар интерфазалық хроматинге ауысады. Ядрошықтар пайда болады.Цитоплазмада әрбір жас ядронын поралы кабықшасы түзіледі.Телефазаның профазалан басты айырмашылығы әрбір жас хромосома (дочерняя хромосома) бір ғана хромотидтен тұрады,соңдықтан да оларда ДНК саны екі есе кем. Хромосоманың екінші жартысы ДНК-нын пелупликациялануының нәтижесіңде интерфазалық ядрода калпына келеді.
Митоздың ұзақтығы 1- 24 сағатқа созылады. Митоздың жәңе одан кейінгі интерфазанын нәтижесіңде клеткалар бірдей тұқымқуалаушылық информация алады және хромосомаларының
саны, көлемі, пішіні аналық клеткамен бірдей болады.
Мейоз. Мейозды өсімдіктер клеткасынан алғаш рет неміс ғалымы Страсбурген (1889) байқаған. Балқарағай тозаңдарының пайда болуын зерттеу барысында мейозды сипаттап жазып, суретін салушылардың бірі В. И. Беляев (1894) болды.




4

ҰЛПАЛАР. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.ТҮЗУШІ ҰЛПА.
Ұлпа дегеніміз – шығу тегі және құрылысы бойынша ұқсас, бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген тұрақты және заңды қайталанып отыратын клеткалар жиынтығы. Клеткалардың бір типінен тұратын және белгілі бір ғана қызмет атқаратын ұлпаларды қарапайым ұлпалар деп, ал клеткалардың әр түрлі типтерінен тұрып,бірнеше қызмет атқаратын ұлпаларды күрделі ұлпалар деп атайды.
Ұлпалардың жіктелуі(классификациясы)
Ұлпаларды жіктеудің әртүрлі принциптік негізі бар. Фитогистолог Г.Линх(1807) ұлпаларды жасанды түрде екі топқа бөлді: паренхималық және прозенхималық. Бұлай бөлуде ол ұлпа түзуші клеткалардың бір ғана белгісі, яғни ұзындығының көлденеңіне қатынасын негізге алды. Линк жүйесінің клеткалар мен ұлпаларға жалпы сипаттама берудегі негізгі мазмұны әлі күнге дейін сақталып қалды. Жасанды жіктеудің тағы бір жолын ұсынған П.Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі ұлпалар және өлі ұлпалар деп бөлді.
I.Түзуші ұлпалар(меристема):1.Төбе ұлпасы(апикальды);2.Бүйір ұлпасы(латеральды);а)Алғашқы ұлпа(прокамбий,перицикл),ә)Соңғы ұлпа (камбий,феллоген);3Қыстырмалы ұлпа(интеркалярлы),4.Жарақат ұлпасы.
II.Ассимиляциялық ұлпалар.
III.Қор жинаушы ұлпалар.
IV.Аэренхима.
V.Қабылдаушы(сору)ұлпалар:1.Ризодерма;2.Веламен;3.Астық тұқымдастардың ұрығындағы қалқаншаның сору қабаты,4.Паразит өсімдіктердің гаусториялары;5.Гидропоттар.
VI.Жабындық ұлпалар:1.Алғашқы жабындық ұлпа(эпидерма);2.Соңғы жабындық ұлпа(перидерма);3.Үшінші жабындық ұлпа(қыртыс немесе ритидом).
VII.Заттардың өтуін реттеуші ұлпалар:1.Эндодерма; 2.Экзодерма.
VIII.Бөліп шығарушы ұлпалар.1.Сыртқы ұлпа:а)бездеуіт түктер(трихомалар) және өсінділер(эмергенттер);ә)шырындықтар немесе шірнеліктер;б)гидатодтар.2.Ішкі ұлпа:а)бөліп шығарушы клеткалар(эфир майлары,шайыр,кристалдар,таниндер);ә)көп клетканы бөліп шығарушы орындар;б)шайыр(смола)жолдары;в)сүт жолдары(бунақты және бунақсыз).
IX.Механикалық ұлпалар (тіректік,қаңқа,арматуралық):1.Колленхима;2.Склеренхима;3.Склереида.
X.Өткізгіш ұлпалар;а)ксилема(сүрек);б)флоэма (тін).
Жоғарыда келтірілген жіктеудегі түзуші ұлпадардан басқасы түпкілікті ұлпалар деп аталады..(Е.А.Агелеуов.,Ботаника.-93-94б,)






5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет