2.2 Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
Еліміздегі өндіріске тікелей қолданбағанымен олардың өркендеуіне әсер ететін орта жағдайларын табиғат жағдайлары дейміз. Шаруашылықтың даму тұрғысынан алғанда табиғат жағдайлары қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін. Еліміздің басым бөлігінің (90%) көліктік қолайлылығы жоғары жазық және үстіртті болып келуіне қарамастан климатының аридтілігіне орай судың тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытуға қолайсыз. Ағыны қатты , суы мол өзендер бастау алатын таулы аймақтардың энергетикалық қоры мол, жайылымды мал шаруашылығы мен тәлім егістікті, мау алды жазықтықтарындағы өзен аңғарларында суармалы егістікте техникалық, көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге қолайлы. Ел аумағындағы температура режимі мен жауын-шашынның таралу ерекшелігі солтүстігі мен солтүстік батысында тәлім егістікте астық дақылдарын, оңтүстігінде суармалы егістікте техникалық (қант қызылшасы, мақта, соя), көкөніс, жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын; шығысында майлы және астық дақылдарын өсіруге қолайлы.Орталық және батыс Қазақстанның шөлді және шөлейтті аумақтары жайылымды мал шаруашылығын, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань таулары бал ара (омарта), бұғы және бағалы терілі аң шаруашылығымен айналысуға қолайлы.
2.3 Қазақстан Республикасының су байлықтары, жер қоры, агроклиматтық және орман байлықтары
Қазақстан Республикасының жер байлықтары-еліміздің байлықтарының бірі болып табылады. ҚР жер қорын басқару агенттігінің 2014 жылғы деректеріне сәйкес Еліміздің жалпы жер қоры 261 млн 171,4 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығына жарамды (пайдаланылатын) жерлердің жалпы ауданы 215 млн 850,9 мың га. Оның ішінде: егістік жерлер 23 млн 230,4 мың га; көп жылдық жасыл желектер 119,7 5 мың га; тыңайған жерлер 5 млн 248,4 мың га; шабындық 4 млн 816,0мың га; жайылым 182 млн 357,9 мың га.
Достарыңызбен бөлісу: |