Дәріс Бизнес түсінігі және мәні


Дәріс 14. Кәсіпкерлік венчурді бағалау



бет21/22
Дата03.02.2024
өлшемі160.97 Kb.
#490723
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Лекция ЭжБ толық

Дәріс 14. Кәсіпкерлік венчурді бағалау
Кәсіпкерлікті бастаудың үш негізгі тәсілі бар: жаңа кәсіпкерлік венчур құру, дайын бизнесті сатып алу және франшиза алу. Бұл дәрісте венчур сатып алу мәселелері талқыланады. Әлеуетті кәсіпкер жаңа іс бастаудың орнына дайын бизнесті сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұл бизнес әлеміне кіруге сәтті тәсіл болғанымен, сан алуан факторларды қарастырған жөн. Дайын бизнесті сатып алу өте күрделі болғандықтан, әрқашан мамандар көмегіне жүгінуді талап етеді. Дегенмен түсінуге оңай деген алғашқы қадамдар, оның ішінде кәсіпкердің жеке қалауы, мүмкіндіктерді қарастыруы, таңдалған венчурді бағалау және қойылатын негізгі сұрақтар осы жерде қарастырылған. Жеке қалау Кәсіпкерлер жеке тұлғасына қатысты факторларды ескере отырып, тиісінше венчур таңдауына шектеу қоюы керек. Оның өткен өмірі, дағдылары, қабілеттері, қызығушылығы және тәжірибесі – қандай бизнес сатып алатынына әсер ететін негізгі факторлар. Оған қоса, бизнес орналасатын орын мен көлеміне байланысты жеке қалауы да кәсіпорын таңдау процесін анықтауы керек. Кәсіпкер бизнесі әрқашан Оңтүстікте немесе Батыста болғанын қаласа, ізденістерін алдымен осы жерден бастауы керек. Мүмкіндіктерді қарастыру Кәсіпкер сатып алуға болатын кәсіпорын іздеу барысында қолжетімді мүмкіндіктерді түрлі ақпарат көздері арқылы зерттеуі тиіс. Оны табу көздері: • Бизнес брокерлер. Бизнес мүмкіндіктері саласының мамандары әрқашан жол көрсетіп, сатып алатын кәсіпорынды табуға көмек береді. Алайда сатып алушы брокердің беделі, қызметтері мен байланыстары туралы анықтап білуі қажет. Сонымен қатар брокер сатушының өкілі екенін және одан қызметі үшін комиссиялық төлемақы алатынын ұмытпауы керек. • Газет хабарландырулары. «Бизнес мүмкіндіктері» хабарландыруы бөлек дереккөз болып жіктеледі. Себебі хабарландырулар бір бетте шықса, екінші бетке шықпауы мүмкін, сондықтан барлық беттердегі жіктелген бөлімдер бойынша тексерген жөн. • Сауда ақпарат көздері. Жеткізушілер, дистрибьюторлар, өндірушілер, сауда басылымдары мен сауда қауымдастықтарында және сауда мектептерінде сатылатын бизнестер туралы ақпарат болуы мүмкін. • Кәсіби ақпарат көздері. Әдетте менеджмент консультанттары, адвокаттар, бухгалтерлер сияқты мамандар сатылымға шыққан бизнестер туралы мәлімет бере алады. Тұрақты венчурді сатып алудың артықшылықтары Тұрақты қызмет көрсетіп тұрған венчурді сатып алудың біраз артықшылығы бар, оның ішінде ең маңызды үшеуі мынадай: 1. Бұрын табысты жұмыс істеген кәсіпорын болашақта да жұмысын табысты жалғастыруы мүмкін. 3 Кітап: Тарау: Дәріс: Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика 2. Кәсіпкерлік венчурді бастау 14. Дайын кəсіпкерлік венчурді сатып алу 2. Жаңа венчур бастауға кететін уақыт пен күш-жігер шығындары болмайды. 3. Кейде тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды ұтымды бағамен сатып алуға болады. Осы аталған үш артықшылық әрі қарай талқыланады. Табысты болашақ серіктестік туралы үрейді азайту Жаңа бизнес бастаудың екі үлкен қаупі бар: тауар мен көрсетілетін қызметті өткізетін нарық таппау және оны өндіру шығындарын бақылай алмау. Осындай қауіп туындаған жағдайда жаңа бизнес банкротқа ұшырайды. Алайда жұмыс істеп тұрған бизнесті сатып алу қорқынышты азайтады. Тұрақты бизнес сатып алушыларды тарту, шығындарды басқару және пайда табу қабілеттерін дәлелдеген. Сонымен қатар жаңадан құрылған фирма тап болатын мәселелердің көбі қарастырылмайды. Мысалы, компания қай жерде орналасуы керек? Жарнаманы қалай жасау қажет? Өндіріс немесе тауардың қай түрі тиімді болады? Әр тоқсанның есебі қалай жүргізіледі? Осы бизнес клиенттің қандай түрін тартады? Фирма бағалаудың қандай стратегиясын қолданады? Алдында осы сауалдарға жауап берілген болатын. Осылайша, жаңа кәсіпкер бар жұмысты сатып алумен қатар, белгілі көлемді де сатып алады. Әрине, жұмыста жасырын мәселелер баржоғын тексеру маңызды. Дегенмен де, осы мәселелерден тыс, тұрақты және табысты бизнес сатып алу – тиімді инвестиция. Уақыт пен күш-жігер жұмсаудың азаюы Қолданыстағы кәсіпорында бизнеске қажет тауар, жабдық, қызметкерлер және басқа да құрал-жабдықтар мәселелері бұрыннан шешіліп қойған. Көп жағдайда бизнес иесі осыған көп уақыт жұмсайды. Олар бизнесті тиімді ету үшін қателерді түзетуге көңіл бөледі. Сол сияқты олар дұрыс персонал табу үшін қызметкерлер арасынан таңдау жасаған. Әдетте кәсіпорынды сатып алғанда жоғары басшылықтан басқа қызметкерлердің бәрі өз орнында қалады. Жаңа басшылық қызметкерлерге әділ болса, жаңа жұмысшылар жалдау, орналастыру және оларды дайындау сияқты мәселелер туындамайды. Сонымен қатар бизнестің бұрынғы иелері жеткізушілер, банкирлер және басқа да бизнес адамдарымен қарым-қатынас орнатқаны күмәнсіз. Бұл адамдар бизнестің жаңа иелеріне көмектесе алуы мүмкін. Тауар жеткізушілер бизнес қандай тауар түріне тапсырыс беретінін және қандай уақыт аралығында толықтырылу болатынын жақсы біледі. Бизнес қандай мекемелермен істес болатыны туралы мәлімет бере алатын банкирлер де жаңа басшыға пайда тигізеді. Бұл тұлғалар бизнесті жүргізуге қажет капитал көлемі туралы біледі және алдыңғы бизнес иелеріне бергендей несие беру қызметін көрсете алады. Осы сияқты фирмаға қызмет көрсеткен есепшілер, заңгерлер және басқа да кеңес беруші мамандардың да үлкен пайдасы бар. Шынында, жаңа басшылардың өз есепші, заңгерлері болуы мүмкін, бірақ керек болған жағдайда осы фирмамен бұрыннан жұмыс істеген мамандарға сенім арта алады. Тиімді баға Кейбір жағдайда жүйелі жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды өте тиімді бағаға сатып алу мүмкіндігі туады. Бизнес иесі зейнетке шығуына немесе денсаулығына байланысты кәсібін жедел түрде сатуы мүмкін немесе басқа төтенше жағдайларға байланысты өз ісін жедел сатуға мәжбүр. Болмаса, басқа бір жерде жаңа мүмкіндік туып, көп пайда таба алатын болғандықтан, өз ісін арзан бағаға сатып отыр. Дұрысында, бір адам дайын, табысты жұмыс істеп тұрған бизнесті сатып алғысы келгенде осындай артықшылықтарға жолығуы мүмкін. Алайда табысты кәсібін ерекше төмен бағаға сататындар сирек кездеседі. Бизнесін кәсіпкерлік шеберлігі арқасында дөңгелеткен табысты Кітап: Тарау: Дәріс: Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика 2. Кәсіпкерлік венчурді бастау 14. Дайын кəсіпкерлік венчурді сатып алу 4 кәсіпорын иелері адамдармен қалай келісу қажет екенін және бизнесінің нарықтық құны туралы жақсы біледі. Мұндай адамдар кәсібін нарықтағы бағадан төмен сатуы сирек кездеседі. Сондықтан әлеуетті кәсіпкер пайдасыз инвестицияларды жоғары бағалап, сауда жасаудан аулақ болып, күдік туғызатын «тиімді» мәмілелерден бас тартқаны жөн. Қате шешім жасамаудың ең дұрыс жолы – жағдайды қисынды бағалау. Таңдалған венчурді бағалау Кәсіпкер өз қалауын ескергеннен кейін, ақпарат көздерін зерттегеннен соң, бизнесті сатуға ұсынуға әсер ететін арнайы факторларды қарастырады: • Іскерлік орта. Бизнестің жергілікті ортасын зерттеу кәсіпорынның осы ортадағы әлеуетін, күш-қуатын анықтау үшін қажет. • Пайда, сатылым көлемі және операциялық шығындардың ара салмағы. Кәсіпорынның пайда табу мүмкіндігі – оның тартымдылығын айқындайтын және кейінірек ақылға қонымды бағасын анықтайтын негізгі фактор. Кәсіпорынның ықтимал табыс табу қуатын есептеу үшін, сатып алушы өткен жылғы пайда, сатылым көлемін және операциялық шығындардың ара салмағын, сонымен қатар келесі жылдарға жасалған пайда мен сатылым көлемінің жобасын қарауы қажет. • Бизнес активтері. Бизнестің материалдық және материалдық емес, мысалы, беделабырой активтері бағалануы керек. Бағаланатын активтер: • Тауар қоры; • Жиһаз, құрал-жабдық, құрал-сайман; • Дебиторлық берешек; • Тауар белгілері, патенттер, авторлық құқықтар, бизнестің атауы; • Goodwill бағалануы қажет. Жұмыс істеп тұрған венчурді сатып алу көптеген қиындықтан құтқарады. Мысалы, стартапқа байланысты барлық мәселелерді алдыңғы иелері шешіп қойған. Сонымен қатар сатушы қандай өнім түрін сату, қандай баға қою керегін және тағы басқа мәселелерді анықтай алатын қызмет кітапшасы болады, оны да зерттеу керек. Бірақ дайын бизнес сатып алудың да өз қиындықтары бар. Мысалы, сатылып жатқан бизнес иесінің/менеджерінің жеке бас қасиеттері немесе ерекше харизмасының арқасында ғана табысты болуы, не болмаса сатып алып жатқанда олардың өнімі нарықта сатылу шыңына жетуі және компания үшін көп ақша төленуі мүмкін. Сатып алу керек пе, жоқ па деген ой туындағанда, кез келген зерек кәсіпкер «дұрыс сұрақтар» тізбегін қойып, оларға жауап беруі қажет. Енді қойылатын сұрақтар мен әр жауапқа қатысты әрекет ету идеялары туралы айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет