Дәріс. Диэлектриктер Диэлектрлік материалдардың жіктелуі



бет3/4
Дата31.10.2022
өлшемі21.03 Kb.
#463712
1   2   3   4
Лекция 3 Диэлектриктер

Миграциялық полярлану кейбір диэлектриктер мен изоляциялау жүйелерінде кездеседі (бір текті емес диэлектриктерде, әсіресе жартылай өткізетін қоспалары бар). Полярланудың бұл түрінде зарядтар осы қоспалардың шекараларына дейін көшіп бөлу бетінде жиналады.
Миграциялық полярлану әдетте өте төмен жиіліктерде кездеседі.
2.3 Диэлектриктердің электр өткізгіштігі
Диэлектрлік материалдардың барлығы тұрақты кернеу әсерінен аз мөлшерде ток өткізеді. Ол кеміп қалу тогы деп аталады. Материал меншікті кедергісі (r) жоғары болған сайын, электр изоляциялаушы материалдың сапасы да жоғары болады. Диэлектриктердің электр өткізгіштігінің келесі ерекшеліктері бар.
Біріншіден, диэлектриктің өте жоғары меншікті кедергісіне байланысты, изоляция бөлімі көлемінен өтетін ток көлемі (көлемдік тесіп өтетін ток IV)- өте аз шама болып келеді және онымен беттік токты (беттік тесіп өтетін ток IS) салыстыруға болады. Осы себептен изоляциялаушы бөлімінің жалпы тоғын есептегенде, көлемдік токпен қатар беттік токты да ескеру қажет:
.
Олай болса, өткізгіштік G = I / U көлемдік G = IV / U және беттік
G = IS / U өткізгіштіктерден тұрады:
.
Бұл өткізгіштіктерге кері шамалар изоляциялаушы бөлімінің кедергілері деп аталады (көлемдік RV және беттік RS). Изоляцияның жалпы кедергісін осы екі параллельді қосылған кедергілердің салдарлыдан анықтайды:
.
Диэлектриктің меншікті кедергісі (ρ) деп әдетте меншікті көлемдік кедергіні түсінеді, ал RS сипаттау үшін меншікті беттік кедергі (rS) түсінігін енгізеді.
Диэлектриктердің екінші ерекшелігі: тұрақты кернеуді қосқаннан кейін токтың уақытта ақырындап азаюы. Диэлектрик көлемінде бос зарядтардың қайта таралуын қамтамасыз ететін токтың ақырындап өзгеретін құрастырушысын абсорбция тогы Iабс деп атайды.
Абсорбция тогы диэлектрик көлемінің заряд тасығыштарын жутумен байланысты: заряд тасығыштардың бір бөлігі өз жолында зарядтарды ұстап қалатын тордың деффекттерін кездестіреді. Біраз уақыттан кейін, деффекттердің барлығы тасығыштармен толғанда, абсорбция тогы бітеді де уақытта өзгермейтін тесіп өтетін ток (Iскв) қалады. Бұл ток бір электродтан екіншіге дейін заряд тасығыштардың өтуіне байланысты және көлемдік пен беттік тесіп өтетін токтардың қосындысына тең:
.
Абсорбция тогы диэлектриктің белгілі жерлерінде (тор деффектілерінде, бөлу беттерінде, бір текті емес бөліктерінде) заряд тасығыштардың жиналуына әкеледі. Көлемдік зарядтардың түзілуіне байланысты диэлектриктің өріс кернеуінің таралуы бір текті болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет