Электрондық полярлану – бұл электрондық орбиталардың оң зарядталған ядроға қатысы. Бұл құбылыс кез келген заттың барлық атомдарында, сонымен қатар полярланудың басқа түрлерінің бар немесе жоқтығына қатыссыз - барлық диэлектриктерде жүреді.
Электр өрісін қосқанда электрондық полярлану өте тез орнығады - 10-14 - 10-15 сек ішінде. Электрондық полярлану электр өрісінің барлық жиіліктерінде (оптикалыққа дейін) байқалады.
Атом мөлшері артқан сайын электрондық полярлану артады, себебі сыртқы қауыз электрондарының атом ядросымен байланысы әлсірегенде ядро заряды (q) артады.
Иондық полярлану – иондық байланыстары бар заттардағы қарама-қарсы таңбалы зарядталған иондардың бір-біріне қатысты ығысуы. Электр өрісі қосылмай тұрғанда ұяшық иондарының оң және теріс зарядтарының (q) беттесетін центрлері полярлану кезінде өрістің әсерінен қарама-қарсы зарядталған иондардың қарама-қарсы бағыттарда біраз ара қашықтыққа айырылады. Нәтижесінде элементарлы ұяшық индуцирленген электрлік моментке ие болады рu = qx.
Иондық полярлану да тез уақытта орнайды (бірақ электрондық полярланудан тез емес) - 10-13 - 10-14 с.
Иондық полярлану көбінесе көп валентті заттарда, яғни иондары бір-бірімен әлсіз байланысқан және жоғарырақ электрлік зарядтары бар заттарда болады.
Дипольдық полярлану полярлы диэлектриктерге тән келеді. Бұл полярлану тұрақты электрлік моменті бар молекулаларының электр өрісінің бағытында бұрылуына негізделген.
Диэлектриктерді полярлыға (қайта ориентациялануға тұрақты дипольдері бар) және полярсызға (ориентацияланатын дипольдері жоқ) бөледі.
Дипольдық полярлануды былай түсіндіруге болады: үздіксіз ретсіз жылулық қозғалыстағы молекулалардың сыртқы электрлік өрістің әсерінен полярлы молекулалар тәртібінің реттелуі. Табиғаты бойынша дипольдік полярлану молекулалардың жылулық қозғалысымен байланысқан және оған температура үлкен әсер етеді.
Дипольдік полярлану жай түрінде газдарда, сұйықтықтарда және аморфты тұтқыр заттарда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |