Дәріс ҒА қозғалыс теңдеуі және геопотенциал


Ғарыштық аппараттың Жердің гравитациялық өрісінде қозғалысы



бет2/9
Дата22.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#499543
1   2   3   4   5   6   7   8   9
7-11

Ғарыштық аппараттың Жердің гравитациялық өрісінде қозғалысы

Жердің жасанды серігіне әсер ететін көптеген факторлардың ең маңыздысы Жердің сфералық құрылыстағы денелерден айырмашылығы (1 сурет).





1 сурет. Жер геопотенциалының біркелкі еместігі.


Халықаралық жердік координат жүйесінде геопотенциал келесі түрде болады:





Мұнда Gm - Жердің гравитациялық тұрақтысы (m – Жер массасы) және r0 - Жердің экваториалдық радиусы, Cnk және Snk – қатарға жайылған Жердің гравитациялық өрісіндегі зоналық, тессеральдық және секторлық гармоникадағы коэффициенттер, Pn(k)(z) - Лежандрдың біріктірілген функциялары, - Лежандр полиномдары. Лежандр полиномдары мына өрнектермен анықталады:






Немесе рекуренттік формула:

Мұнда:

Сонда, ҒА–тың берілген координатар жүйесіндегі үдеу компоненттері былай анықталады:





Ыңғайлы болуы үшін геопотенциалды мынадай екі қосылғыш түрінде өрнектеуге болады:
U = U0+U1,
мұндағы



Ол кезде үдеулердің x, y, z осьтер бойынша компоненттері:







Берілген
, ,

туындыларды есептеу үшін потенциалдың сфералық координаттар жүйесіндегі формуласынан тік бұрышты координаттар жүйесіне өту қажет. Бұл өрнектердегі геоцентрлік гравитациялық тұрақты Gm және экваторлық Жер радиусы мынаған тең:


μ=Gm=3,986004415·1014 м3/c2
r0=6378,136 км=6 378 136 м


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет