Дәріс ҒА қозғалыс теңдеуі және геопотенциал


ҒА-ның атмосферада тежелуі



бет5/9
Дата22.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#499543
1   2   3   4   5   6   7   8   9
7-11

ҒА-ның атмосферада тежелуі

Атмосфераның жоғарғы қабаттарында оның тығыздығы Жер бетіндегі тығыздықтан айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, 240 км биіктікте атмосфераның тығыздығы теңіз деңгейіндегі атмосфераның тығыздығынан 1010 есеге, ал 360 км биіктікте 1011 есеге аз. Сондықтан, жоғарғы биіктіктегі ҒА-на әсер ететін аэродинамикалық күштер аз. Алайда ҒА-қа атмосфераның ұзақ мерзімді әсері оның орбитасының параметрлерін айтарлықтай өзгертуге әкеледі.


Жердің жоғарғы атмосферасында ҒА-ның тежелуін ескеру үшін аэродинамикалық күштер компонентін есепке алу қажет. Оның векторы ҒА жылдамдығы векторына қарама-қарсы бағытталған:


,
мұнда Sbбаллистикалық коэффициент, ρ(h) Жер бетінен һ биіктіктегі ауа тығыздығы, - ҒА-ның жылдамдық векторы, - оның ұзындығы (яғни, жылдамдық мәні).
Ауа тығыздығы биіктік, уақыт және тағы басқа параметрлердің күрделі функциясы болып келеді, ол Жер атмосферасында Күн белсенділігі мен геомагниттік жағдайды сипаттайды. Баллистикалық коэффициент шамасы ғарыш аппаратының пішіні мен бағытына байланысты болады.
h (км) биіктігіндегі атмосфераның тығыздығын есептеу үшін мынадай қарапайым өрнекті қолдануға болады:


.
ҒА-ның атмосферада тежелуінен пайда болатын теріс үдеуді есептеу үшін ғарыш аппаратының геоцентрлік координаттары және оның жылдамдық компоненттері берілген болсын.
Алдымен ҒА-ның геоцентрлік қашықтығын есептейміз:


(км).

Сосын ҒА-ның жер бетінен ұшу биіктігін есептейміз:




(км).
Есептелген h биіктікті пайдаланып, қарапайым ауа тығыздығын табамыз.
ҒА-ның жылдамдық векторының модулін анықтаймыз:


= км/с
Соңында, ізделінген атмосферада тежелу үдеуі векторының қажетті компоненттерін төмендегіше табамыз:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет