Дәріс 10. ҒА орбитасын түзету. Жазық маневр
Маневрлер жөнінде жалпы түсінік
ҒА-тың орбитасы немесе траекториясы өзгеріске ұшырайтын басқарылатын қозғалыс маневр деп аталады. Атқаратын функциональдық міндетіне қарай маневрлер келесі түрге бөлінеді:
орбитальдық өту маневрі;
түзету маневрі;
планета атмосферасына кіру маневрі;
төмендеу және қону маневрі.
Орбитальдық өту маневрі – бұл ҒА-ты бір орбитадан екіншіге өткізуді қамтамасыз ететін маневр.
Түзету маневрі де ҒА орбитасын өзгертеді, бірақта есептелінген траекторияға ауысу мақсатында ұшудың нақты траекториясының қателігін түзету үшін осы өзгеріс қолданылады.
Атмосфераға кіру маневрі ҒА планета бетіне қонуды іске асыру және жаңа орбитаға кезекті ауысумен болатын атмосфераның қалың қабатына ену үшін қолданылады.
Төмендеу және қону маневрі конструкциясын және экипаж өмірін сақтау үшін қауыпсыз шамаға дейін планета бетімен жанасу моментінде ҒА жылдамдығын азайтуды және ҒА берілген ауданға шығаруды қамтамасыз етеді.
Кейбір жағдайларда ғарыштық ұшудың есептерін шешу барлық көрсетілген маневрлерді, ал кейде олардың кейбіреуін орындау қарастырылады. Жерден Марсқа немесе Шолпанға қондырылатын ұшу кезінде барлық маневрлерді қолдану міндетті. Белгілі орбитамен қозғалатын бір ҒА екіншісімен жақындауда және түйісуде алғашқы екі маневрлер жеткілікті.
Орбиталдық өтулер маневрлерінің түрлері мен жалпы сипаттамалары
Бастапқы және соңғы орбиталардың өзара орналасуына және геометриялық сипаттамаларына байланысты орбиталдық өту маневрлері келесі түрлерге бөлінеді:
компланар және бейкомпланар (компланар емес) өтулер. Егер маневр бір жазықтықта орналасқан екі орбита арасында орындалса және өтпелі орбита осы жазықтықта жатса, бұл – компланар өту;
компланар:
|
компланар емес:
|
|
|
дөңгелек (квазидөңгелек), эллипстік, гиперболалық орбиталар арасындағы маневрлер және олардың комбинациялары.
ҒА қозғалыс бағытын өзгерту үшін пайдаланылатын үдеулердің физикалық табиғатына байланысты маневрлер белсенді, пассивті және аралас болып бөлінеді.
Белсенді маневрлер қозғалтқыш қондырғысының тарту күшін пайдаланып жүзеге асырылады. Маневрдің бұл түрі – орбиталық өтудің негізі маневрі. Пассивтік маневрлер гравитациялық, аэродинамикалық және басқа күштерді пайдаланып жүзеге асырылады. Пассивтік маневрлердің қолдану аумағы тым шектеулі. Аралас маневрлер тиімді болып келеді: зымырандинамикалық маневр және гравитациялық күштерді қолданатын маневр. Белсенді маневрлер басқару үдеуінің шамасына және қозғалтқыш қондырғысының жұмыс істеу уақытынң ұзақтығына байланысты төмендегіше бөлінеді:
Осындай маневрлерді бөлу қозғалтқыш қондырғысының энергетикалық мүмкіндіктерімен және қолданылатын жұмыс принциптерімен байланыстырады.
Қозғалтқыш қондырғыларын келесідей бөлінеді:
үлкен тарту күшіті қозғалтқыш қондырғылары (химиялық және ядролық отындарда жұмыс жасайды);
кіші тарту күшті қозғалтқыш қондырғылары (электрзымырандық қозғалтқыштар).
Достарыңызбен бөлісу: |