2. Қазіргі білім берудегі мегаұстанымдары.
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар. Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны Біз неге педагогиканы оқимыз? Біріншіден қазіргі қоғамда нағыз кәсіби маман деп өмір бойы өзіндік ілім алуға қабілетті, яғни өзін-өзі оқыта алатын, өзін-өзі білімдендіре алатын адамды айтамыз. Екіншіден магистратурада оқу барысында болашақ ЖМ, колледж оқытушылары даярланады, сондықтанда олардың жоғары кәсіби-педагогикалық мәдениеті қалыптастырылуы тиіс. Үшіншіден, «адам-адамң жүйесінде қызмет ететін адамдардың барлығы педагогикалық, тіпті ағартушылық функцияны атқарады. (Отбасынан бастап, барлық қызметтте: заңгер, экономист, техник, медик, журналист, саясаттанушы, психолог т.б.) Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық қоғам дамуының қозғаушы күшінің бірі де білім болып отыр, тіпті қарапайым тұрғыдан қоғамның дамуын қадағалау үшін еліміздің, шетелдің білім беру жүйесі туралы мағлұматымыз болуы тиіс. Бесіншіден, «педагогикаң ғылымы өзіндік ауқымды, бай тәжірибе жинақтаған, ол қазіргі ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, оны білу үшін алғашқы педагогикалық білімді игеру керек. Алтыншыдан, сапалы білім алу барысында қоятын талаптарды білу үшін, әркім білім беру жүйесін толық түсінуі тиіс.
ХХ ғ. екінші жартысында білім беру жүйесі де тығырыққа тірелді, сондықтанда ірі реформаларға ұшырады жылы Ф.Кумбстың «Кризис образованияң :системный анализ.-М.:Политиздат, с. Оның ойынша білім беру төрт мәселеге байланысты тығырыққа тірелген: Адамдардың білім алуға сұранысының жоғарылауы; Қаржы жетіспеушілігінен, білім жүйесі жаңа сұраныстарды қанағаттандыра алмауы; Білім беру жүйесінің инерттілігі; Қоғамның өзінің инерттілігі. Бұл себептер батыста білім беруді реформалауға алып келді. Біздің ойымызша, білім берудің тығырыққа тірелуі көптеген мәселені қамтиды: әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. Мысалға техниканың қарқынды дамуы- ғылыми білім көлемінің ауқымданғанын көрсетеді, ал оны азғандай аралықта ұрпаққа беріп үлгермеудеміз. Мұндай кешеуілдеу адамдардың жаңа нәрсеге бейімделуіне қиындық туғызып, физикалық, психологиялық ауыртпалыққа алып кеп соғуда. Ақпараттың, білімнің өсуі, техниканың дамуын жеделдетті. Н.Н.Пахомов бұл тығырықты үш мәселемен байланыстырады: 1. Әлеует пен білім беру арасындағы сәйкессіздік, яғни әлеуметтендіру мәселесі (жастардың жаңа қоғамға бейімделуі); 2. Білім беру мен мәдениет арасындағы сәйкессіздік (мектеп білім береді, құндылық пен әдеп нормаларын үйретпейді, (школа учит знаниям, а не ценностям и нормам)); 3. Білім берудің ғылымнан артта қалуы. Н.Н.Пахомов «ХХ ғасырда тарихи- мәдени мұраның түрлері ауысты. М.Хайдегердің айтуынша бұрын адамдар тарихқа енген болса, қазір олар болашақты божау арқылы өздері оны тарихқа ендіруде.ң Бақылау сұрақтары: 1. Жоғары білім берудің ерекшеліктеріне не енеді? 2. Білім берудің парадигмаларын түсіндіріңіз 3. Білім берудің негізгі нормативтік құжаттарын сипаттаңыз? 3. Білім берудің даму тенденциялары мен білім беру жүйесінің реформалануын түсіндіріңіз 4. Әлемдік білім беру кеңістігі ұғымын қалай түсінесіз.
Достарыңызбен бөлісу: |