Дәріс жоспары: Мектепке дейінгі жастағы балалардың (3-7 жасқа дейін) психикалық дамуы


Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың оқуға психологиялық дайындығы



бет3/3
Дата05.10.2023
өлшемі22.87 Kb.
#479918
1   2   3
5 Дәріс

3. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың оқуға психологиялық дайындығы. Мектепке дейінгі кезеңнің маңызды қорытындысының бірі – мектепке оқуға психологиялық дайындығы. Бұл дегеніміз бұқаралық оқыту жағдайында мектеп бағдарламасын меңгеру үшін қажетті және жеткілікті психикалық даму деңгейі.
Психологиялық дайындықтың бірнеше аспектілері бөлінеді. Жеке адамдық (мотивациялық), әлеуметтік, когнитивті.
Көптеген балалар рефлексияны меңгереді, соның негізінде – әрекет мотивтерін бағындыру пайда болады, «істеуім керек» мотиві, « маған керек» мотивінен басып озуы тиіс.
Жеке бастың дайындығының маңызды құрылымы еріктік дайындық осы мектепке дейінгі кезеңде баланың еріктік аумағының сипаты күрделенеді. Л.С.Выготский ерікті жеке өзіндік мінез-құлықты меңгеру кезеңі деп қарастырды. Ол еріктік мінез-құлықты әлеуметтік деп, ал балалар еркінің көзі деп баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы деп білді.
Екінші бір тұлғалық дайындықты құрайтын адамгершілік дайындығы Л.С.Выготский балада пайда болатын адамгершілік ұғымдары мен сезімдерін ішкі этикалық инстанциялар деп атады.
Әлеуметтік дайындық сипаты болып, қарым-қатынастың пайда болуын айтты. Оны М.И.Лисина «ситуация деп – тыс тұлғалық» деп атады. Әлеуметтік дайындыққа мұғалім талабын бірден қабылдау шеберлігі жатады.
Когнитивтік дайындық объектілерді жалпылау, салыстыру, топтау, мәндік сипатын бөліп алудан, қорытынды жасау, мәліметті есте сақтаудан – яғни ойлау үрдістерінің дамуымен байланысты.
Мектепке оқуға психологиялық дайындықты өлшеуді мектеп психологы жүргізеді, эмоционалдық қарым-қатынасты зерттеу үшін М.Р.Гинзбургтың ерекше әдістемесі қолданылады. Балаға 2 қатар суреттер беріледі.
Ал баланың психофизиологиялық пісі-жетілуін бағдарланушы Керн Йиерсектің тестінен алуға болады.
Әлеуметтік пісіп-жетілуді А.Л.Венгердің әдістемесі, Д.Б.Элькониннің «графикалық диктанты» және «үлгі мен ереже» әдістемелері арқылы анықтайды.
Ақыл-ойдың дамуының жалпы деңгейін өлшеу үшін және жалпылаушы түсініктерді игеру деңгейін анықтауда А.Р.Лурияның «пиктограмма» және Керн Йиерсектің сауалнамасы қолданылады, ал кеңістіктік ойлауының дамуын зерттеу үшін А.Л.Венгердің «лабиринт» әдістемесі қолданылады. Сөз-логикалық ойлау деңгейін анықтау үшін «күрделі суреттерді түсіндіру» әдістемесі қолданылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Мектепке дейінгі жастағы психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.
2. Мектепке дейінгілердің денелік дамуы
3. Мектепке дейінгілердің ойын əрекеті.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет