Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы


Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар



бет24/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
лекция

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Жаһандандыру және оның әлемдік мәдени үрдістердегі әсері қандай?.
Бұқаралақ мәдениет дегеніміз не?
Техникалық мәдениет дегеніміз не?.
Техногендік мәдениетті қалай түсінесіз?
Мәдениет экологиясы дегеніміз не?.
Модерн және постмодерн дегенімізді қалай түсінесіз?
Жаһандандару және этно-аймақтық мәдениеттерді жандандыру мәселесі.
Қазақ мәдениеті және түркі әлемінің арақатынасы.
Әдебиеттер 3,4, 5, 6.


15 Тақырып. Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты
Дәріс мақсаты; Егеменді Қазақстанның мәдени саясатымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Қазақстандағы модернизация үрдістері. Мәдени саясат үлгілері.

  2. Ұлттық идеяны қалыптастыру - Қазақстан қоғамының басты қажеттілігі.

  3. Мәдени саясаттың басты принциптері - Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауынан

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Саяси салада күшті президенттік республика құруға кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қоры нық, халықаралық реконструкция және даму банкісінің дүниежүзілік банктің, халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынын мүшесі болды және басқа бәрсыпыра ұйымдарға кірді. Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен елшілік және өкілеттілік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының консолидациялануы белгілі бір бірікктіруші идеяны қажет етеді. Бүгінгі мәдениеттанымдық және қоғамдық-саяси ой Қазақстандық қоғамның ментальдығы мен ұлттық идеяны байланыстырушы универсалды және жалпы сипаттағы еуразияшылдық принципін ұсынады. Еуразиялық Одақ идеясының тууы мен оның мазмұны, толғаныстары мен өзектілігі Н. Назарбаевтың әр түрлі мінбелерде айтылған сөздері мен оқыған баяндамаларында сөз болды.
1937 жылғы қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланы ел үшін де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды. 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы саясаттың жалғасы болды. Төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке-бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достығы мен туыстастығын одан әрі нығайту мақсат етілді. Әлеуметтік ахуалды ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық татулықты сақтау барысында «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұғынып, оның өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады.
Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына ерекше мән беріледі. Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында жиырма жетінші бағытында былай делінген. Біріншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасының жүргізілген жұмысты жаллғастыра отырып, «Қазақстан халықтарының Рухани Даму Қорын» құру туралы мәселені жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің көмегімен және тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы біздің халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуды қолдап отыруға тиіс. Қорды басқару корпоративтік басқару қағидаттарының негізінде жүргізілуге тиіс. Екіншіден, «тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланылатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет