Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сыныптамасы



бет16/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
дәріс кешені (2)

3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сыныптамасы
Салалық сипаттағы белгілі бір ерекшеліктерге ие қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары мынадай жолмен сыныпталады:
- меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары; имандылыққа қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстары.
Қандай да бір құрамның нақты бір сыныпқа жатқызылуы күмәнсіз жемқорлық қылмыстарына жатқызылатын әрекеттер тізіміне ие ҚР ҚК ережелерінің шеңберінде мүмкін болады. Бұл тізбе ерікті және кеңейтіліп түсіндірілмейді және тиісті заңның негізінде ғана өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
ҚР ҚК 3 б. 29 т. сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарына ҚР ҚК-ның мына баптарымен қарастырылған әрекеттер жатқызылады:
- 189 (2т.), үшінші бөлім) – қарауындағы бөтен мүлікті иемдену немесе жұмсау;
- 190 (2т.), үшінші бөлім) – алаяқтық;
- 215 (3т.), екінші бөлім) – жалған кәсіпкерлік;
- 216 (4т.), екінші бөлім) – іс жүзінде жұмыстардың орындалуынсыз, қызметтің көрсетілуінсіз, тауарлардың тиелуінсіз шот-фактураның жазылуы бойынша әрекеттердің жасалуы;
- 217 (3т.), үшінші бөлім) – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару;
- 218 (1т.), үшінші бөлім) – қылмыстқы жолмен табылған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жасыру);
- 234 (1т.), үшінші бөлім) – экономикалық контрабанда;
- 249 (3т.), үшінші бөлім) – мәмілені жасасуға немесе оны жасасудан бас тартуға мәжбүрлеу;
- 307 (3т.), үшінші бөлім) – заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру;
- 361 - лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
- 362 (2т.), төртінші бөлім) – билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;
- 364 – кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу;
- 365 – заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
- 366 – пара алу;
- 367 – пара беру;
- 368 – парақорлықтағы делдалдық;
- 369 – қызметтік жалғандық жасау;
- 370 – қызметтік әрекетсіздік;
- 450 – билікті теріс пайдалану;
- 451 (2т.), екінші бөлім) – билікті асыра пайдалану;
- 452 – биліктің әрекетсіздігі.
Меншікке қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 189 б. (2т.), үшінші бөлім) қарастырылған әрекеттер жатқызылады.
Экономикалық қызмет саласындағы жем-қорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК мына баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызы-лады: 216 (4т.), екінші бөлім); 217 (3т.), үшінші бөлім); 218 (1т.), үшінші бөлім); 234 (1т.), үшінші бөлім); 249 (3т.), үшінші бөлім). Халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 307 бабында (2т.), үшінші бөлім) қарастырылған әрекеттер жатқызылады. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 361; 362 (2т.), төртінші бөлім); 364-370 баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызылады.
Әскери жемқорлық қылмыстар санатына ҚР ҚК 450; 451 (2т.), екінші бөлім); 452 баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының одан әрі қарастырылуы мен зерттелуі жоғарыда көрсетілген қылмыстардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқықта, әдетте, қылмыс құрамы ажыратылады. Қылмыс құрамы – бұл қоғамдық тұрғыда қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын осы әрекеттің қажетті объективтік және субъективтік элементтерінің жиынтығы. Қылмыс құрамы қылмыстық жауапкершіліктің жалғыз негіздемесі болып табылады.
Құрам төрт элементке бөлінеді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы. Берілген оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттеріне ескере отырып осы басылымда қылмыс құрамының жеке элементтері ғана қарастырылатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет