5. Экономикалық жүйе түсінігі, элементтері және классификациясы. Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі экономикалық мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Экономикалық жүйелердің 4 формасы бар:
1. Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.
2. Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.
Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.
Аралас экономика.
12-тақырып. Нарық және бәсеке
Дәрістің мақсаты: нарық жағдайындағы бәсеке теориясына, оның түрлеріне, нарықтық құрылымдардың түрлеріне және олардың шарттарына кеңірек тоқталу, сонымен қатар, әртүрлі бәселіктік жағдайындағы баға мен өнім көлемін таңдау тетіктерін қарастыру.
Дәріс жоспары:
Нарықтың мәні және түрлері
Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі
Нарықтың мәні және түрлері. Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |