3. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық түрлері. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар.
Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
Картель - бұл баға жөнінде нарықта өнімді өткізу жөнінде бір саладағы кәсіпкерлер арасындағы келісім.
Синдикат - бір саланың кәсіпкерлері арасында бәсекені жою мақсатында біріктіріп өнімдерін өткізу ұйымы.
Концорциум - ірі қаржы операцияларын біріктіріп жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кәсіпкерлер ұйымы.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам.
15-тақырып. Фирманың шығындары және табысы
Дәрістің мақсаты: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және пайданы арттыру ережелерін түсіндіру
Дәріс жоспары:
Шығындардың мәні
Шығындардың түрлері
Табыс және пайда
Шығындардың мәні. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Шығындардың түрлері. Өндіріс шығындарының классификациясы
Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар
Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар
Достарыңызбен бөлісу: |