Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


Қысқарған сөздердің жазылуы



бет5/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

Қысқарған сөздердің жазылуы:
- жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер бас әріптерімен жазылады: БҰҰ, АҚШ, ҚР.
- алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып жазылады: ҚазТАГ, ИнЕУ, ҚазМУ.
- буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.
- адамның аты-жөні қысқартылып, бас әріппен белгіленгенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады: М.О.Әуезов, С.Мұқанов.
- алдыңғы сөздің бас буыны екінші сөз толығымен жазылады: педколледж, пединститут.
2. Бірге жазылатын сөздер:
- Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер бірге жазылады: биыл, бүгін, әпер, қыстыгүні, қарағаш.
- Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздермен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: ешбір, әркім, ешкім, біржолата, бірталай, біркелкі.
- Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: еш адам, кей адам, әр уақытта, бір жұмыс.
- Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан саласында терминдік мәнде ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады: келіссөз, баспасөз, өнеркәсіп, зейнетақы, шикізат, сүткоректілер, сөзжасам.
- Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: қосаяқ, қырықаяқ, тасбақа, аққу, қарақұс, айдаршөп, ақбөкен.
- Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады: шаңсорғыш, бесатар, ақсүйек, тоғызқұмалақ, еттартқыш, жанкүйер, соқыртеке.
- Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер немесе бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады: халықаралық, шешенсымақ.
- Екі, кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар түбірі сақталып, бірге жазылады: Досжан, Екібастұз, Жезқазған, Ақтүйесай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет