Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет17/52
Дата19.02.2024
өлшемі0.76 Mb.
#492465
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
лекц.комп.ФКТ-Фармация-3-кур.каз

Үйренгіштік (толерантность)
Үйренгіштік- бұл дәрілік заттарды қайталап қабылдаған кездегі әсерінің әлсіреуі. Терапевтік дозаны жаңалау үшін дозаны жоғарылату қажет. Мәселен, үрейге, қорқынышқа қарсы транквилизатор сибазонның (диазепам) дозасы 5-10 мг/күніне, ал дәріге үйрену кезінде дозасы күніне 1000 мг-ға дейін жоғарылайды. Дәріге дағдылану туылма және жүре пайда болған болуы мүмкін. Туылма (тұқымқуалаушылық) дағдылану энзимопатияға негізделген. Негізінен дәрінің циторецепторлармен байланысуына аз дәрежеде- мүшелер мен ұлпаларда таңдамалы жиналуына байланысты. Магний сульфаты ішекке сіңірілмейді, бірақ ішектің перистальтикасын күшейтіп, өт айдаушы әсер көрсетеді. Магний сульфатын парентеральды енгізгенде оның иондары орталық нерв жүйесін тежейді. Ингаляциялы наркозды дәрілер қанға қарағанда баста 1,5-2 есе жоғары мөлшерде болады. Йод қарқынды түрде тек қана қалқанша безіне түседі.
Дәрілік заттардың әсерімен болатын ағзадағы функционалды өзгерістер

  • Қозу- қалыптыдан жоғары қызметтің күшеюі; оң мәнді қозу спорына препараттармен жатыр қан кетуін тоқтатудағы миометридің жиырылуы;теріс қозу- стрихининмен, камфорамен уланған кездегі қалтырау;

  • Тынышталу- қозған мүше қызметінің қалпына келуі, ыстықты түсіруші дәрілердің әсерімен лихорадка кезінде дене температурасының төмендеуі, анальгетиктер әсерімен ауырсынудың басылуы;

  • Басылу, өшу- функцияның қалыптағы жағдайдан төмен функциясының төмендеуі; оң мәнді басылу- есті жоғалту, наркоз кезіндегі қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі және рефлекстердің жойылуы немесе төмендеуі, теріс мәнді басылу- наркозды, ұйқы шақырушы, наркотикалық анальгетиктердің әсерінен тыныс орталығының тежелуі.

  • Тонизирлеу- төмендеген, басылған ағза қызметінің қалпына келуі; камфора, кофеин т.б.аналептиктердің әсерімен тыныс жетімсіздігінде, коллапста, шокта тыныс орталығының, тамыр қозғаушы орталықтың қызметтерінің жақсаруы. Жүрек гликозидтерін қабылдаған науқастардың делопенсацияланған миокардтың жиырылуының күшеюі;

  • Салдану- қызметтің тоқталуы; оң мәнді салдану- күшті жергілікті анестетиктердің әсерімен ауырсыну сезімін қайтымды жою, миорелаксанттардың әсерімен қаңқа бұлшық еттерінің түгелдей босаңсуы. Теріс мәнді салдану- тыныс орталығын атропинмен және аналептиктермен улы дозаларда қоздырғандағы тыныс орталығының қайтымсыз салдануы.

Альдегиддегидрогеназа генінің мутациясы этил спиртінің метаболизмін бұзады. Бұл кезде этанолдың тотығу өнімі- сірке альдегиді сірке қышқылына тотықпайды. Сірке альдегидінің жиналуы оның улы әсерімен білінеді, бұл жағдай алкагольды ішімдіктерді қолданудан бас тарту керектігіне мәжбүр етеді. Жүре пайда болған дәріге үйрену негізінде фармакокинетикалық және фармакодинамикалық механизмдер жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет