Дәріс кешені Пән Клиникалык фармакология Код- кf 3219 Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі» Сағат саны- 45 (1 кредит)


Ионды каналдардың циторецепторлары



бет3/36
Дата05.03.2024
өлшемі427 Kb.
#494437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
лекц.комп.клин.фарм.СД-2-кур.каз

Ионды каналдардың циторецепторлары. Na++,Са2+ және Сl- иондары үшін жарғақтың өткізгіштігін жоғарылатып, сол арқылы жасушалық жауапты қамтамассыз етеді. Иондық каналдар рецепторларының мысалдары:

  • Жасушаның деполяризациясын және қызметінің қозуын болдыратын рецепторлар- Н- холинорецепторлар, глутамин және аспарагин қышқылдарының рецепторлары (Na++ және Са2+ иондары үшін өткізгіштікті көбейтеді);

G- ақуыздарымен қосарланған циторецепторлар дегеніміз- интегралды жарғақты ақуыздар тобы, оларға тән екіншілік құрылыс, жасушадан тыс N- соңы және ішкі жасушалық С- соңы, 7- трансмембраналы домендер. Олар 3 сыртқы жасушалық және 3 ішкі жасушалық ілмекпен байланысқан. Циторецепторлардың ақуыз тізбегінде цистеиннің қалдықтары бар және олар дисульфидті көпіршелер құрады. Сыртқы жасушалық ілмектер лигондаларды тануға және байланыстыруға жауапты. Жарғақтың ішіне орналасқан G- ақуыздары ГТФ энергиясын қолдана отырып, сыртқы жасуша реттеуші доменнен эффекторлы жүйеге информацияны жібереді. Эффекторлық жүйеде аденилатциклаза, А2, С және Д фосфолипазалары ионды каналдардың ақуыздары, тасымалдаушы ақуыздар бар. Рецепторлар қозғанда ішкі жасушалық биологиялық белсенді заттар- екіншілік мессенджерлер түзіледі. Аденилат- циклаза АТФ-ты екіншілік мессенджер ЦАМФ-ке айналдырады. Рецепторлар аденилатциклазаны белсендіреді немесе тежейді.
Белсендіру рецепторлары:

  • β-адренорецепторлар;

  • дофаминнің Д1,5 рецепторлары;

  • серотиннің 5-НТ4,6,7 рецепторлары;

  • гистаминнің Н2 рецепторлары;

  • Аденозиннің А2 рецепторлары;

  • Вазопрессиннің V2 рецепторлары.

Тежеуіш рецепторлары:

  • α2- адренорецепторлар;

  • Дофаминнің Д2- рецепторлары;

  • Серотониннің Ѕ-НТ1 рецепторлары;

  • М2,4- холинорецепторлары;

  • Аденозиннің А1- рецепторлары;

  • Опионды рецепторлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет