Сәйкес бұрыштарды табыңыз
1) ішкі айқыш бұрыштар;
2) сыртқы айқыш бұрыштар;
3) ішкі тұстас бұрыштар;
4) сыртқы тұстас бұрыштар;
5) сәйкес бұрыштар.
Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштармен /айқыш, сәйкес, тұстас/ таныстыра келе, түзулердің параллельдік белгілері беріледі.
Түзулердің параллельдік белгілері:
Теорема 1. Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.
Теорема 2. Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса, бұл түзулер параллель болады.
Теорема 3. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады.
Теорема 4. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады.
Достарыңызбен бөлісу: |