Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет18/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Дәріс

Психодинамикалық теория (жекелік бағыт). Психо- терапевт отбасынан ақпарат жинау арқылы өткенге диагноз қойып, аффектінің көрінуі мен инсайтты анықтайды. Жүйе теориясы ( тұлғааралық бағыт) отбасылық жүйелілік ықпалын қолданады. Отбасы терапиясын тек бір әдістеме емес, керісінше психикалық саулыққа фундаментальді жаңа ықпал ретінде қарастырады. Терапевт үшін маңыздысы - отбасы мүшелерінің барлығының қатысуы. Осы екі теорияны эклектикті бағыт байланыстыра қарастырды. Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «еркін ассоциация» техникасы отбасы өзара әрекетінен түсінік береді. Психоаналитикалың терапияның жетістігі инсайтқа әкелу, ол дегеніміз шешілмеген мәселелерге, отбасы қатынасына өсер етіп, осыдан невротикалық симптомдардың қалануы, бұрын нәтижесінде отбасы мүшелерінің кейбіреуінің өмірге бейімделмеуі.
Психоаналитикалық отбасылық терапияның мақсаты: эмоционалды және мінез-құлықтық реттелуге жақындай отырып, шынайы өмірде бүтін, сау тұлға ретінде өзара қатынасқа түсе білуге әкелу.
Экспериенциалды (отбасылық терапиясы) 1960 жылдардан бастап жекелік гуманитарлы терапияға ұқсас «қазір осы жерде» ұстанымына арналады. Бұл терапия ерекшелігі отбасы немесе жеке тұлға эмоционалды мазмұн құралын тәжірибе ретінде көрсетеді. Терапияның негізін салушылар - Карл Витакер және Вирджиния Сатир. Мақсаты - сезім мен көзқарас, сондай-ақ шындық, құндылық негізінде отбасындағы уайымды шешуді көздейді.
Жүйелі отбасылық терапияның концептуалды негізін кибернетика құрады, нақтыласақ лсалпы теория жүйесі. Жалпы теория жүйесінің негізін салушылардың бірі Л. Фон Берталанфидің көрсетуінше, жүйе «ағзалық деңгейде әлемге көзқарас» дегенді білдіреді. Бұл ықпал бойынша отбасы мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты, олар бүтін биологиялық және психологиялық ағза деп саналады.
Бұл бағыттың көрнекті қайраткерлері Мара Сель- вини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды.
2.Отбасының стратегиялық терапиясы туралы.
Отбасының стратегиялық терапиясы шешім шығаруға негізделген, негізін салушы Пало-Альто мектебі өкілдерінің танымал тұлғалары - Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Олардың пікірінше, отба- сындағы күрес бір-бірін бақылаудан туындайды.
Отбасы терапиясында бұл бағытты мөселені шешу әдістері деп атайды. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар аударуды жөн көреді.
Басты идеялардың көбін М. Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алды. Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша өдістердің әсері және клиент ұсыныстарының бәрін қабылдау болып табылады.
Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық беретін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзара қимылды қолдау арқылы мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады. Стратегиялық терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін жөне талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет