Қосу амалы дегеніміз ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
Азайту амалы дегеніміз жиынды қандай да бір белгілеріне қарай ішкі жиындарға бөлу;
Көбейту амалы дегеніміз элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру немесе бірдей қосылғыштардың қосындысы;
Бөлу амалы дегеніміз жиынды элементтерінің саны бірдей ішкі жиындарға бөлу. Бөлудің 2 түрі бар: тиісінше бөлу және теңдей бөлу
Амалдардың қасиеттерi де амалдардың енгiзiлуiне байланысты белгiлi бiр кезеңде енгiзiледi, яғни мүмкiндiгiнше сол сыныпта қарастырылады. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін қарастыру барысында олардың ролі мен маңызына баса назар аударылуы тиіс. Ауыстырымдылық қасиетін оқыту ілгеріде оқушылардың есте сақтайтын кестелік теңдіктерін біршама азайтуға, терімділік және үлестірімділік қасиеттері тез есептеуге, есептеу техникасын дамытуға септігін тигізеді.
Амалдардың атаулары мен нәтижелерi арасындағы байланыс та қарастырылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар.
2.«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері.
№ 6 дәріс. «Сандар және өлшемдер (сандармен амалдар қолдану)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: «ерекше» және кестелік жағдайлар
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Есептеудің «ерекше» (нөл және бірмен байланысты) тәсілдері,оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
2. Қосудың кестелік тәсілдері,оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
3. Көбейтудің кестелік тәсілдері,оларды кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Есептеу тәсілдерінің мынадай түрлері бар:
1. Есептеудің кестелік жағдайлары;
2. Есептеудің «ерекше» жағдайлары немесе дербес формасы;
3. Есептеудің ауызша жағдайлары:
4. Есептеудің жазбаша жағдайлары.
1. Есептеудің кестелік жағдайлары дегеніміз бір таңбалы сандарға амалдар қолдану. Қосудың кестелік жағдайлары, соған сәйкес азайтудың жағдайлары; көбейтудің кестелік жағдайлары, соған сәйкес бөлудің жағдайлары делінеді.
Кестелік қосу екі кезеңге бөлініп қарастырылады: оның бірінші кезеңі-бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттамайтын жағдайы, олар-16, бірінші сыныпта қарастырылады. Ал екінші кезеңі - бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттайтын жағдайы, олар-20, ал бұл екінші сыныпта қарастырылады.
Қосудың кестелік жағдайының 1-кезеңін үйрету барысында көрнекілік ретінде сан сызғышы қолданылады, яғни 2-ні қосқанда тура бағытта 1 сан аттау арқылы, 2-ні азайтқанда кері бағытта 1 сан аттай отырып жүру түсіндіріледі.
Кестелік қосудың 2-кезеңін оқытып-үйретуде жолақшалар мен жеке шаршылар қолданылады.
Көбейтудің кестелік жағдайларын оқыту барысында көрнекілік ретінде палетка және оның бөлігі қолданылады.
2. Есептеудің «дербес» жағдайы дегеніміз 0 мен 1-ге байланысты болатын есептеулер.
Қосу мен азайтуға байланысты есептеулердің ерекше жағдайлары мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |