Санды талдау үлгісі:
}Кез-келген үш таңбалы санға сипаттама бередi. Мысалы: 321 саны.
◦Бұл-үш таңбалы сан, 3,2,1 цифрларының көмегiмен жазылады.
◦320 мен 322 сандарының ортасында келедi немесе көршiлерi 320 және 322 сандары, 320 –дан кейiн, 322-ге дейiн келедi.
◦321 – 3 жүздiк, 2 ондық, 1 бiрлiктен құралған.
◦321=300+20+1 (разрядтық қосылғыштарға жiктеу)
Үлес бүтінді бірнеше тең бөліктерге бөліп, бір бөлігін алу.
Бөлшек – бүтіннің бір немесе бірнеше тең бөлігі.
}Алымы бөлімінен артық не оған тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп, ал алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
}Егер бір бөлшектің алымын да, бөлімін де бір натурал санға көбейтсе немесе бөлсе, онда оған тең бөлшек шығады.
}Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы артық болса, сол бөлшек артық, ал қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кем болады. 11/12 > 7/12, 9/12>(7 )/12 , 5/12<(11 )/12
}Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кем болса, сол бөлшек артық, және керісінше қайсысының бөлімі артық болса, сол бөлшек кем болады. : 2/12<(2 )/4 , 2/12< 2/3 , 2/4>(2 )/6 , 2/3>(2 )/6
}Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру: 11/6 = (1 ∙ 6 +1)/6 = 7/6 ; 2 3/5=( 2 ∙ 5 +3)/5=( 13)/5.
}Кез келген шама немесе санның жүзден бір үлесін процент (пайыз) деп атайды. Математикада «пайыз» арнайы таңбамен белгіленеді: %.
}1/100= 1%. Шаманың бір процентін (пайызын) табу үшін оны 100-ге бөлу қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Нумерациялық ұғымдарды концентрлер бойынша меңгеруге бағытталған тапсырмалар құрастыру, оларды ауызша есептеуге негiздеу.
Математикалық диктант пен өзiндiк бақылау жұмыстарына (15 мин) тапсырмаларын дайындап, оларды өткiзу мен тексеру әдiстемесiн құру.
Начало формы
№ 5 дәріс. «Сандар және өлшемдер (сандармен амалдар қолдану)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Желінің негізгі нысандары: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика
2.Амалдардың компоненттері мен нәтижелері; өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; 0 мен 1-дің қасиеттері.
3. Амалдарды және олардың қасиеттерін кезеңдер бойынша оқыту, математикалық терминдерді, символдарды қолдана алу пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру және есептеу тәсілдерінің негіздері бойынша білімдерін қолдану технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш мектепте 4 амал (қосу, азайту, көбейту, бөлу) және олардың қасиеттерi: қосу мен көбейтудiң ауыстырымдылық және терiмдiлiк заңдары, қосындыны санға бөлу және көбейту, үлестiрiмдiлiк заңы, 0 мен 1-дің қасиеттері; қосу мен азайту амалдарының байланысы, көбейту мен бөлу амалдарының байланысы т.б. оқытылып-үйретiледi.
Қазiргi бағдарлама бойынша қосу мен азайту, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретiнде бiр мезгiлде қатар өтіледi.
Қосу мен азайту амалдары 1-сыныпта қатар қарастырылады, Ал көбейту мен бөлу амалдары бiрдей сандардың қосындысы мен саннан бiрдей сандарды азайту түрiнде 2 және 3-сыныпта көрнекiлiк көмегiмен енгiзiледi. Арифметикалық амалдардың атаулары мен өрнек атаулары енгiзiледi: қосу амалының «қосынды», «қосылғыштар», «қосындының мәнi»; азайтудың – «айырма», «азайтқыш», «азайғыш» «айырманың мәнi»; көбейтудiң – «көбейтiндi», «көбейткiштер», «көбейтiндiнiң мәнi»; бөлудiң – «бөлiндi», «бөлiнгiш», «бөлгiш», «бөлiндiнiң мәнi».
Достарыңызбен бөлісу: |