Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет17/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні (қысқаша):
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту үшін жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады. Атақты ғалым-әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі — бір ғана әдісті болу. Шеберліктің белгісі — түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек».
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологиялары қолданылуда.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану. Жаңа ақпараттық технологиялар — қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Оларға басылымдар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар(аудио-бейне-құндақтар) жатады: А.Құрышжанованың «Қазақ тілі оқулығы», Ш.Бектуровтың «Қазақша сұхбат» дискі, «Тілашар», «Жас толқын», мамандықтарға арналған бейне-құндақтар, т.б.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
Түрлі-түсті иллюстрациялар есте сақтау процесі үшін пайдалы.
Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
Бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалдарды қайталай алады.
Сондықтан компьютерлік технология — білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер қатарына жататын технологиялардың бірі болып табылады.
Қазіргі заманның талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданылып жатқан жаңашыл әдіс-тәсілдер көп. Негізгі қолданылатын әдіс-тәсілдер: модульдік технология мен сын тұрғысынан ойлау. Бұл тәсіл тіл үйренушінің ойлау қабілетін дамытады, өз ойын жинақтап, суретті түрде бейнелеп беруге талпындырады, кластер, Венн диаграммасы арқылы жан-жақты мағлұмат алуына бағыт береді, жинақтаған пікірін ауызша да, жазбаша да, бейнелеп көрсету түрінде де салауатты жеткізуіне жол ашады.
Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері белгілі: проблемалап оқыту (М.И.Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту (Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту (Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю.Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров, А.А.Бейсембаева, Р.М.Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К.Дьяченко т.б.), деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), дистанциялық оқыту(Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту(К.Жақсылықова). Қандай технология болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Ал бүгінгі күні жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады. Технологиялық карта арқылы оқытуды келесі үш бағытта жүргізген өте тиімді: білім мазмұны, құрылымы, қандай әдіс – тәсіл арқылы (технология). Нені және қандай бірлікте оқыту мәселелерінің мазмұны пән бағдарламасында, мемлекеттік стандартта көрсетіледі.
«Технология» ұғымы педагогикаға өндіріс аясынан енді. В. Даль
«Технология – наука техники. Техника искусство, знание, умения приема работы иприложение их к делу», - деп түсіндіреді. Технология сөзінің алғашқы мағынасы өнімді өндіру барысында шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы деген мағынаны білдірген. Егер осы мағынадағы ұғымды педагогикалық колледжге аударсақ, технология ұғымы (гректің techne – өнер, шеберлік, білііктілік, logos - оқу) сөздерінен шығып, маманның білім, біліктілігін айқындайтын, сабақ жүргізу барысында іскерлігін көрсететін кәсіптік шеберлігі деген мағынада қолданылып жүр. Педагогика ілімінде технологиялық карта деген ұғым білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.
В.П.Беспалько, М.В.Кларкин, Б.С.Блум т.б. ғалымдар технология ұғымына мынандай анықтама береді: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика – психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы». «Оқыту процесінде жоcпарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы», «белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеудің әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік», «студент пен оқытушыға қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің ойластырылған моделі, үлгісі», « педагогикалық жүйе»т.б.
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет