Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет30/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Лекция мәтіні (қысқаша):
Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Айтылым, яғни сөйлеу, негізінен, бір адамға ғана тән болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді. Айтылым әрекетіне қатысты ең басты мәселе – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды. Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады. Сөйлеуге үйрету кезінде қойылатын шарттар: тіл үйренуші мен тіл үйретуші арасындағы қарым-қатынас ұстаз бен шәкірт арасындағыдай емес, екі жақтың да өзіне-өзі сенген тең тұстас аралығындағы, тең пікірлесушілер қатынасы дәрежесіне жету керек. Сөйлесім әрекетіне тән айтылымның қатысымдық табиғатын айқыңдайтын белгінің бірі - адам мен адамның ұғынысу қажеттігін өтейтін тындалым процесі.
Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе - сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптаскан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші-ғалым Р.Сыздыкованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл үйренушіге де, оқытушыға да пайдалы: "Тілдік нормалар оның барлық қаттауында: сөздік саласында /лексикасында/, грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы кажет. Сондыктан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі заңды. Ауызша сөйлеу іске аскан жерде есту де, тыңдау да қатар жүреді. Адамның ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шыққан ойы екінші адамның есту қабілетін ұштап, есту мүшелеріне әсер еткенде ғана ұғынықты болады. Сондықтан сөйлесім мен естілім екеуі екі түрлі процесс болғанымен, бір-бірімен қатар жұмсалып, қатар жүреді. Сонымен қатар сөйлесім - тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажет шарт қана емес, ол - адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені сөйлесім адамға тән әр түрлі үрдістердің басын біріктіріп, оның адамдық қасиетін білдіретін басты өлшемдердің біріне айналады. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету арқылы оқытушы үйренушіге ойын қазақша жеткізе білумен қатар, пікір айтуға, көзкарасын білдіруге де тәрбиелейді. Сөйлеуге үйрету - тілді жалаң меңгеру емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Осы тұрғыдан келгенде, айтылымда қазақша сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін басты-басты мынадай жағдайларды ескеру кажет.

  1. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік.

  2. Қоршаған орта, жағдайдың әсері.

  3. Жеке бастың қабілетін ескеру.

  4. Сөйлеудің нақты мақсатын айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет