Бақылау сұрақтары:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық негізі қалай түсіндіңіз.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық, психологиялық негіздері туралы не айтасыз?.
Әдебиеттер:
Оразбаева Ф.Ш. тілдік қатынас.- Алматы 2005
Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методикалық оқытудың негіздері. Монография. –Алматы,2012
Интернет көздері:
Kollegi.kz
http://collegy.ucoz.ru
www.kitaphana.kz
www.kaznpu.kz
www.nachalka.Seminfo.ru
3- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқытуға негіз болатын
базалық-нормативтік құжаттар
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілін деңгейлік оқытуда «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты мен қазақ тілінің деңгейлік оқу бағдарламалары басшылыққа алынады.
Тұжырымдама – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетіне, білім мазмұнының негізгі бағыттарына сай пәнді оқытудың әдіснамалық негіздерін: пардигмаларын, ұстанымдары мен қағидаларын, бағыттарын айқындай отырып, пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін белгілейтін, оларды іске асыру шарттарын анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Стандарт:
білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарын;
білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін материалдық-техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қойылатын бірыңғай талаптарды;
білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін;
педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың, педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын;
жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Оның құрылымы:
1.Жалпы ережелер;
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар;
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
2. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағыүлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде емес). Оның құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |