Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс № 11 Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841 - 1889) ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы



бет16/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
дарис

Дәріс № 11


Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841 - 1889) ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы

1. Ыбырай Алтынсарин - ұлы ағартушы.


2. Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық үндестік.



  1. Ы. Алтынсарин - ұлы ағартушы.

Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Жан – жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сыныфнан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасап келеді. Оның өмірі өз отанын шексіз сүйп, оған бүкіл жан –тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшкліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жасқауымға алыстан қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән маңызы мен қадір қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді, Ол өзінің бүкіл творчестволық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер–білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы қазанда Николевск уезінің Арқақарағай болысында ( қазіргі Қостанай облысы, Затабол ауданы) туды. Әкесі Алтынсары оқымаған өз еңбегімен тіршілік еткен, қарапайым шаруа адамы болған көрінеді, шешесі Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы екен. Ыбырай 3-4 жасқа шыққанда, Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожа бидің қолында болады, бүкіл балалық шағы сол атасының тәрбиесінде өтеді.
Ағартушының атасы – Балғожа Жаңбыршыұлы өз заманындағы ірі феодалдардың бірі. Дала өңірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа Орынбор шекара комиссиясының алдында да айырықша беделді адам болды. Қазақстанның Россияға қосылу процесі біржолата аяқталып келе жатқанын орынды аңғарған Балқожа қоғамдық маңызы өте үлкен бұл құбылысты батыл жақтады. Мұнда ол әрине, қазақ халқының өнерлі, мәдениетті елдердің қатарына қосылуын тілеген жоқ, Қазақстанның Россияға қосылуын шешілу кезеңіне жеткен енді мүлде болмай қоймайтын құбылыс ретінде таныды. Сондықтан да бұл оқиғаға қарсы шығудың ешқандай пайда бермейтіндігін ескеріп, алдағы уақытта оны өз мүддесі үшін пайдаланудың жолын іздеді. Балқожаның бұл мақсатта тапқаны –Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының ел билеу ісі бұдан былай орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп танып, немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген еді. Бұл мектеп 1850 жылы 22-ші тамызда ашылды. Оның табалдырығын алғаш аттаған 30 қазақ баласының бірі – 9 жасар Ыбырай еді. Ыбырай 1857 мектепті өте жақсы деген бағамен бітіріп шығып, содан 1859 жылы шілде айына дейін өзінің туған жерінде атасы Балқожаның қолында болды. Қазақ қоғамының көп жайларын көзімен көріп, өзіндік ой дүниесімен сезіне білудің бұл қысқа мерзімнің Ыбырайға көп пайдасы тиді.
1859 жылдың бірінші тамызынан бастап, ол Орынбордың облыстық басқармасында кіші тілмаш болып қызмет істеді. Осы кезде жас жігіт Ыбырайдың өз бетімен білім алуына Балғожа биді айырықша бағалаған, және сол үшін Алтынсаринді сүйе білген. В. В. Григорьевтің – Орынбор шекара коммисиясының 1852-1865 жылдардағы председателінің көп жәрдемі болды. В.В. Григорьев дала өміріндегі осындай үлкен қызмет дәрежесі мен қатар шығысты зерттеуші белгілі ғалымдардың бірі, Петербург университетінің профессоры еді. 1859 жылдың күзінен 1860 жылыдың мамыр айына дейінгі аз уқыттың ішінде В.В. Григорьевтің көмегімен өз бетінше қажымай ізденудің нәтижесінде едәуір білім алады, мектепте алған білім қорын көбейте түседі, орыстың әдебиеті мен мәдениетін тереңірек білуге ұмтылады. Сол кезде Орталық Россияда шығып тұрған әр түрлі бағыттағы журналдармен молырақ танысу арқылы дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды, озық идеялардан нәр алады. Бұл жағдайлар Ыбырайды бірте –бірте халық игілігі үшін еңбек етуге ынталандырады, оның бойына ағартушылық көзқарасты сіңіре бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар арасынан төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылуы Ыбырайға зор қуаныш әкеледі. Ол өзі өтініп, Торғай қаласында сол бастауыш мектепті ашуға, балаларды оқытуға рұқсат алады. Сөйтіп 1850 жылдың маусым айынан бастап Ыбырай біржолата елге, ағарту жұмысына ауысады. Бұл жәйт Ыбырайдың 19 жасынан бастап-ақ атасы Балғожаның да, өзін оқытқан мектептің де әкім болу, патша өкіметінің қанаушылық саясатын дала тұрмысында аяусыз жүргізеді деген үміт –тілектерін ақтамай, нағыз демократиялық бағытқа айқын бет бұрғанын танытады. Бүкіл саналы өмірін халық игілігі жолындағы күреске ағартушылық ісіне арнаған Ыбырай 1889 жылы, 48 жасында, творчестволық күш – жігері жаңа кемеліне келіп, әбден толысқан шағында қайтыс болды. Тамаша ағартушы қара түнек заманда өмір сүріп, надандық пен қараңғылыққа қарсы күресте «мыңмен жалғыз алысты», соның нәтижесінде ойындағы ұлы арманының көбін іске асыра алмады. Алайда оның бізге мәлім әрбір ірілі – ұсақты ісі халқымыздың мәдени тарихында заңды мақтанышпен аталады, келешекте де сол үлкен маңызын жоймақ емес.
Ыбырайдың өмір сүрген заманында қазақ қоғамында ағартушының да, жалпы қоғам қайраткерінің де екі түрі болды. Оның бірінші яғни басым көпшілігі өздерінің бүкіл күш -жігері патша өкіметінің отаршылық саясатын дала өмірінде барынша кең жүргізу мәселесіне арнады. Бұл топтың адамдары елдегі билеушілер, орысша сауаттанған болыс –билер, Н.И. Ильминский сияқты жекелеген адамдар оларға керіснше, айқын демократиялық бағытта халыққа барынша қызмет ету талабында еңбек етті, қазақ халқын мәдениетті елдерді қатарына қосуды көздеді. Мұндай ізгі ниетті Ыбырайдың ағартушылық қызметі мен қоғамдық еңбегінен көрсек, әдеби мұрасынан да сондай айқын көруге болады.
Ыбырайдың әдеби мұрасы бізге негізінен «Қазақ хрестоматиясының» төңірегінде жетті. Сондықтан бұл хрестоматияның жазылу тарихы мен пайда болуын дайындаған жағдайларға соқпай өтуге болмайды. Өйткені хрестоматияның жазылу тарихы мен оның тууын дайындаған қоғамдық құбылыстар болып табылады.
«Қазақ хрестоматиясының» пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты. Хрестоматияның жаңа ашылған мектептер үшін арналып жазылуының өзі осыны дәлелдейді. Ыбырай бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсете және насихаттай алды.
Ыбырай Алтынсарин жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесімен 60 – жылдардың басында – ақ шұғылданды. Өйткені қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беру үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізу ешбір мүмкін емес еді. Мұның үстіне қазақ арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың көптігі Ыбырайды жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі тартып жетелеп отырады. Сөйтіп 1879 жылы басылып жарыққа шыққан «Қазақ хрестоматиясының» принципиалдық негізін Ыбырай сол 60-жылдарда- ақ қарастыра, ойластыра түскен еді. 1862 жылғы бір хатында ол қазақтар үшін нағыз жақын нәрселерді үйрететін кітаптардың керектігін көрсете келіп, К.Д.Ушинскийдің «Детский мир» кітабын өзінің айырықша ұнататындығын және одан бірен – саран шығармалар аудара бастағанын мәлімдейді. Бұл сөз жоқ, Ыбырайдың 60-жылдардың басынан бастап –ақ жаңа оқулық жасау мәселесімен айрықша шұғылданғанын және оны тек К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасауды мақсат етіп қойғанын білдіреді.
Сөйтіп 1860-1876 жылдардың арасы Ыбырайдың көркем шығармаларының тууын дайындаған эволюциялық кезең болды. Бұл жылдарда жүргізілген ағартушылық бағыттағы жұмыстар ол шығармалардың идеялық бағыты мен негізгі мазмұнын белгілей, айқындай түсті. Ағартушының халық өмірімен тікелей араласып, оның алуан түрлі жағдайларымен мейілінше таныс болуы да, халықтың рухани мұқтаждығын сезінуі де оның әдеби еңбектерінің тууын тездетіп, халықтық мәнін жетілдіре түскен жағдайлар болды. 1862 жылдан бастап халықтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау, зерттеу мәселесі мен шұғылдану ағартушының көркемдік пен шеберлікке байланысты түсініктерін тереңдетіп, творчестволық қабілетін тәрбиелеп өсіріп отырды. / 7. 79 – 88 /.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет