Дәріс пікірлер және оларға қолданылатын логикалық амалдар


ДӘРІС 6. §6. ЭКВИВАЛЕНТТІК ҚАТЫСТАР



бет10/19
Дата27.09.2022
өлшемі0.88 Mb.
#461433
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Дәрістер жинағы Математика негіздері БОПМӘ (2)

ДӘРІС 6.
§6. ЭКВИВАЛЕНТТІК ҚАТЫСТАР
1. Эквиваленттік қатынасының анықтамасы, мысалдары
2. Эквивалент кластары. Фактор – жиын.
3. Жиынды бөліктеу


nº1. Эквиваленттік қатынасының анықтамасы, мысалдары
Айталық, А – кез-келген құр емес жиын, ал R осы жиында берілген бинар қатынас болсын.
Анықтама: Егер R бинар қатынасы рефлексивті, симметриялы, транзитивті болса, онда оны «А жиынында берілген эквиваленттік қатынасы» немесе «А жиынындағы эквиваленттік» - деп атайды. Әдейі ~ таңбасы қолданылады, оны «ирек» немесе «тильда» деп оқуға болады.
(~ - эквиваленттік қатынас)
Егер ~ болса, онда оны а~ в деп жазып, «а, в элементтері эквивалентті» деп атайды.
Мысалы: 1) кез-келген жиында теңдік қатынасы (∆ - диагональдық қатынас) эквиваленттік қатынасы болады. Бұл эквиваленттік қатынастың қарапайым мысалы;
2) А – түзулер жиыны болсын. Түзулердің параллелдігі эквиваленттік қатынасы болады;
3) Жазықтықтағы ∆ - тар жиынында ∆ -тардың ұқсастығы эквиваленттік қатынас;
4) Адамдардың құрдастығы, эквиваленттік қатынас;


nº2. Эквивалент кластары. Фактор – жиын.
Айталық, А жиынында ~ эквиваленттілігі берілген. .
Анықтама: Алынған а элементіне эквивалентті болатын элементтердің жиынын «а элементі арқылы жасалған эквиваленттік класы» деп атайды. Белгіленуі немесе
Сонда а элементі арқылы .
Анықтама: Барлық эквиваленттік кластарының жиыны «А жиынының ~ эквиваленті бойынша фактор жиыны» деп аталады. Белгіленуі . Сонда .
Мысалы: 1) Түзулердің параллельдігіне байланысты бір-біріне параллель түзулер шоғы эквиваленттік класы болады.
2) Ұқсастық қатынасына байланысты ұқсас ∆ -тар жиыны эквивалент класы болады. Ал ұқсас ұқсас ∆ - тар топтарының жиыны фактор-жиын.
3) Құрдас қатынасына байланысты бір жылы туған адамдар жиыны эквивалент класы болады. Фактор жиын барлық жылдардағы туған адамдар кластарының жиыны.
4) (3) қатынасына байланысты эквиваленттік кластары мыналар болады:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет