Дәріс пікірлер және оларға қолданылатын логикалық амалдар



бет17/19
Дата27.09.2022
өлшемі0.88 Mb.
#461433
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дәрістер жинағы Математика негіздері БОПМӘ (2)

ДӘРІС 9-10.
ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ПРОЦЕСІ.
СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ҚЫЗЫҚТЫ ЖАТТЫҒУЛАР.


1. Тақырыптық есеп ұғымы
2. Есепті шешу тәсілдері
Әдебиеттер: Төлегенов Ө.Ш. Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2007. – 332 б.


1. Тақырыптық есеп ұғымы. Тақырыптық есеп немесе қысқаша айтқанда есеп ұғымы бастауыш курс математикасында өте маңызды рөл атқарады. Есепті шешу барысында оқушылар жаңа математикалық білімдерді игереді, болашақ өмірге дайындалады, дүниені танып біледі, ой-өрісі, логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Сондай-ақ есеп жеке адамды тәрбиелеуде де маңызды болып есептеледі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің есеп жөнінде терең де, жан-жақты білімі болғаны және есептің құрылымы, оны шешудің түрлі жолдарын білгені дұрыс.
Есеп дегеніміз — өмірде кездесетін жағдайдың (ситуацияның) сан ретіндегі сипаттамасын табуды талап ететін қарапайым тілде берілген сөйлем.
Кез келген есеп екі бөлімнен тұрады:
1) есептің шарты;
2) есептің сұрағы.
Есептің шартында қандай да бір жағдай, ондары белгілі және белгісіз сан мәліметтер туралы айтылады. Белгілі және белгісіз сан мәліметтер арасындары байланыстар «артық», «кем», «есе артық», «есе кем», т.с.с. қатыстар түрінде беріледі.
Есептің сұрағында (немесе талабында) нені табу керек екендігі талап етіледі. Есептің сұрағы сұраулы сөйлем немесе бұйрықты сөйлем түрінде беріледі.
Мысалы, «үшбұрыштың ауданы нешеге тең?» сұраулы сөйлем түрінде, ал «үшбұрыштың ауданын тап!» десе бұйрықты сөйлем түрінде беріліп тұр. Мысал ретінде мынадай есепті талдап көрейік:
Есеп: «Токарь 2 сағатта 89 деталь, ал жұмыс аяғына дейін қалған уақытта бұдан 6 есе артық деталь дайындады. Токарь бір күнде неше деталь дайындаған?»
Есептің шарты: «Токарь 2 сағатта 89 деталь, ал жұмыс аяғына дейін қалған уақытта бұдан 6 есе артық деталь дайындады». Есепте жұмыс уақыты мен орындалған жұмыс көлемі арасындағы байланыс туралы айтылған. Белгілі сан мәлімет пен белгісіз сан мәліметтер арасындағы байланыс «есе артық» деген қатыс түрінде берілген. Есептің сұрағы: «Токарь бір күнде неше деталь дайындаған?» сұраулы сөйлем түрінде тұжырымдалған. Бұл сұрақты «Токарь бір күнде неше деталь дайындағанын тап» деп бұйрықты сөйлемге ауыстыруға да болады.
Есеп - математикада кездесетін жаттырулардың ішіндегі ерекше түрі. Есепті басқа жаттығулардан айыру үшін оның өзіне ғана тән мәнді белгілерін білу керек. Ол мәнді белгілер мынадай:
1. Табиғи тілде тұжырымдалған мәтіннің көмегімен берілуі.
2. Мәтінде белгілі бір өмірлік жағдайдың сипатталуы.
3. Мәтінде міндетті түрде сұрақтың болуы.
4. Талап етілген сұраққа жауап беру үшін міндетті түрде ең болмағанда бір арифметикалық амалдың орындалуы.
Егер аталған мәнді белгілердің ең болмағанда біреуі болмаса, онда мұндай жаттығулар есеп бола алмайды.
Мысалы, «Бір жұмыртқа 5 минутта піседі. Осындай А жұмыртқа неше минутта піседі?» деген тапсырма есеп болмайды. Мұнда есептің мәнді белгілерінің барлығы да бар сияқты болып көрінеді, бірақ есеп сұрағына жауап беру үшін арифметикалық амал орындалмайды.
Өмірде есептің сан алуан түрлері кездеседі. Кейбір кездерде есептің шарты мен сұрағы бірігіп кететін есеп-ер де бар. Мысалы, жоғарыда тұжырымдалған есепті мынадай түрде өзгертуге болады:
«Токарь 2 сағатта 89 деталь дайындады. Егер жұмыс аяғына дейін қалған уақытта бұдан 6 есе артық деталь дайындаса, онда ол бір күнде неше деталь дайындайды?» Мұнда есептің шартының бір бөлігі есеп сұрағымен бірігіп, «егер жұмыс аяғына дейін қалған уақытта бұдан 0 есе артық деталь дайындаса, онда ол бір күнде неше деталь дайындайды» деген бір сөйлеммен тұжырымдалған. Сондай-ақ есеп сұрағына жауап беру кезінде ешқандай қатысы жоқ сан мәліметтері артық берілген есептер де кездеседі. Мысалы, «Ерасылда 10 қызыл асық және 5 көк асық бар, ал Ернарда 7 қызыл асық бар. Балаларда барлығы неше қызыл асық бар?» деген есепте 5 көк асық туралы мәлімет артық. Өйткені есеп сұрағына жауап беру кезінде бұл сан мәлімет қолданылмайды. Соыымен қатар кейбір есептерде есед сұрағына жауап беру үшін сан мәліметтері жеткіліксіз болатын жағдайлар да болады. Мұндай есептерді сан мәліметтері жеткіліксіз дей атайды. Ондай есептерді шешу үшін жетіспейтін сан мәліметті есепті шешуші адамның таңдап алуына болады. Мысалы, «тік төртбүрыштың ұзындығы енінен 2 есе артық, тік төртбұрыштың ауданын тап».
Бұл есепте тіктөртбүрыштың ені туралы мәлімет жеткіліксіз. Сондықтан есептің сұрағына жауап беру мүмкін емес. Бірақ ені туралы сан мәліметті есепті шешуші адам өзі таңдап алып, есеп мазмұнына енгізсе, онда қойылған сұраққа жауап беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет