2.Есепті шешу тәсілдері. Кез келген есеп оны шешуді талап етеді, яғни есеп сұрағына жауап берілуі тиіс.
Есепті шешу дегеніміз - мәнінде берілген белгілі және ізделінді сан мәліметтер арасындағы байланысты тағайындап, керекті амалдарды орындау арқылы есеп сұрағына жауап беру.
Есепті шешу процесінің мынадай міндетті кезеңдері болуы тиіс:
1) Есеп мазмұнымен танысу. Есеп мазмұнымен танысу дегеніміз - есепте баяндалған жағдайды жалпы түрде түсіну, есеп шартын, талабын, яғни сұрақты, барлық терминдерді және белгілерді түсіну, бір сөзбен айтқанда есеп мазмұнын меңгеру.
2) Есептің шешуін іздестіру. Мұнда есепті шешу жоспары құрылады, есеп мазмұнында баяндалған қандай да нақты жағдайға сәйкес келетін арифметикалық амалдардың рет-тәртібін логикалық тұрғыда анықтау және негіздеу.
3) Есепті шешу жоспарын жүзеге асыру, ягни таңдалып алынған амалдарды орындау арқылы есеп сұрағына жауап беру.
4) Есептің шешуін тексеру, яғни алынған жауаптың дұрыс екендігіне көз жеткізу.
Толық шығарылған есеп осы кезеңдердің барлығын да қамтиды. Бірақ бұл кезеңдер есепті шешу барысында ерекше бөлініп көрсетілмейді.
Есепті шешу төсілі негізінен арифметикалық және алгебралық болып бөлінеді.
Есепті арифметикалық тәсілмен шешкенде есеп сұрағына жауап сандар мен шамаларға арифметикалық амалдар орындаудың нәтижесінде табылады. Және де бір есепті бірнеше арифметикалық әдіспен шешуге болады. Егер есепті шешу негізіне алынған белгілі мәліметтер мен ізделіндінің байланысы бір-бірінен өзгеше болса, сонда және тек қана сонда есеп әр түрлі әдіспен шешілді деп айтуға болады.
Есеп: Жұмысшы 8 сағатта 96 деталь жасады. Ол 5 сағатта қанша деталь жасайды?
I әдіс II әдіс
1. 96:8-12 (дет) 8 сағ-480 мин
2. 12-5=60 (дет) 1) 480:96=5 мин
5 сағ=300 мин 2) 300:5=60 (дет)
Есепті алгебралық тәсілмен шешкенде есеп сұрағына жауап беру үшін, есеп мазмұнына сәйкес теңдеу құрылады және сол теңдеуді шешу арқылы есеп сұрағына жауап береміз. Есепті алгебралық тәсілмен шешудің де әр түрлі әдісі болуы мүмкін. Егер бір ғана есептің мазмұнына сәйкес әр түрлі теңдеулер құрылса, онда есепті әр түрлі алгербалық әдіспен шештік деп айтуға болады.
Есеп: Кофейник жене екі чашкаға 740г су сияды. Кофейникке чашкаға қарағанда 380г артық су сияды. Кофейникке неше грамм су сияды?
І-әдіс ІІ-әдіс
х-кофейникке су. сыя. х-бірчашкағасу.сыя,
х-380-бір чашкаға су. сыя. 2х-екі чашкаға су. сыя.
(х-380) - 2-екі чашкаға су сыя. х+380-кофейникке су. сыя.
х+(х-380)-2=740 2х+(х+380)=740
х+2х-760=740 2х+х+380-740
3х-1500 3х+380=740
х=500 3х=360
х-120
х+380=120+380=500
Есепті шешудің қарастырылған тәсілдерден басқа да тәсілдері бар. Олар: графикалың және практикалық тәсілдер.
Есепті графикалық тәсілмен шешкенде есеп мазмұнына сәйкес сызбалар салынады, кесінділер тұрғызылады. Сызбалардың орналасуына карап және кесінділердің ұзындықтарын өлшеу арқылы есеп сұрағына жауап береміз.
Есеп: Екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жолаушы шықты, олардың біреуі барлық жолдың 5/8 бөлігін, екіншісі 3/10 бөлігін жүрді. Жолаушылар кездесті ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін екі пунктің арасын көрсететін кесінді сызамыз. Фалес теоремасына негізделіп, кесіндіні тең етіп 8 және 10 бөлікке бөлеміз. Суреттен көріп отырғанымыздай жолаушылардың жолдары түйіскен жөн деп айтуғаболады.
Есепті драктикалық тәсілмен шешкенде есеп мазмұнына сәйкес заттарға амалдар қолданылады. Зат ретінде түрлі санау материалдарын (таяқшалар, дөңгелекшелер, т.б.) қолданамыз.
Есеп: Шаруашылықта 40 машина бар. Және әрбір жеңіл машинаға 4 жүк машинасынан келеді. Шаруашылықта неше жеңіл, неше жүк машинасы бар?
Бұл есептің сұрағына жауап беру үшін 40 таяқша санап аламыз да, оларды есеп мазмұнына сәйкес орналастырамыз. Бір жеке таяқша алып (жеңіл машиналардың санын білдіреді), оның астына 4 таяқшаны (жүк машиналарының санын білдіреді) сәйкестендіреміз. Осылайша 40 таяқша біткенше процесті жалғастырамыз. Енді таяқшалардың бөліну жағдайына қарап, есеп сұрағына жауап беруге болады. Сонда шаруашылықта 8 жеңіл және 32 жүк машинасы бар екендігін табамыз.
Қарастырылған тәсілдердің барлығы да бастауыш сыныптарда есептерді шешу кезінде қолданылады. Дегенмен көпшілік жағдайда арифметикалық және алгебралық тәсілдер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |