Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет10/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Логикалық əдіске гипотетикалық жəне асиоматикалық жатады.
Гипотетикалық əдіс өзгеше əрі жаңалық элементтері бар ғылыми ұсыныстар мен гипотезаны талдауға негізделген. Гипотеза процесс пен құбылысты толық əрі жақсы түсіндіруі керек, сонымен бірге экспериментті түрде бекітіліп, диалектика заңдарына сай келуі керек. Зерттеудің бұл əдісі негізгі болады əрі қолданбалы ғылымда біршама кең тараған.
Гипотеза мағынадан, əдістемелік негізден, теориялық болжамнан, теориялық зерттеу стерженінен тұрады. Барлық зерттеудің жетекші идеясы ретінде ол бағыт пен теориялық талдау көлемін анықтайды.
Гипотезаны нақты əрі толық ереже ретінде белгілеу қиын. Гипотеза құрылғанына байланысты оның тақырыпты теориялық шгешуіне жақындау дəрежесі, еңбек сиымдылығы мен теориялық талдау ұзақтығы тəуелді болады.
Нəтиже жиналған ақпарат толықтығынан, шығармашылық талдау тереңдігінен, талдау нəтижелері бойынша əдістемелік қорытындылапр мақсатты бағытынан, ғылыми жұмысының эрудициясы мен тəжірибесінен зертеу маңызы мен мақсатынан тəуелді.
Гипотезаны қалыптастыру сатысында теориялық бөлімін жекелеген сұрақтарға бөлу керек.
Аксиоматикалық əдіс нақты белгілі (аксиомаға) негізделген ол дəлелденбестен қабылданған. Осы əдіс бойынша теория дедуктивті принцип негізінде талданады. Ол теориялық ғылымдарда (математика, математикалық логика) кең таралды.
Тарихи əдіс заңдылықтар мен қарама қарсылықты, ішкі əрі сыртқы байланыстарды анықтау мақсатында жұмыстың хронологиялық ретін əрі процестер дамуы мен қалыптасуын, туындауын зерттеуге мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары:
1. Теориялық зерттеулердің алдындағы міндеттері қандай?
2. Теориялық зерттеулер жүргізілгенде, зерттелетін жүйенің элементтерін бөлшектеу әдісі.
3. Теориялық зерттеулер жүргізілгенде жүйенің элементтерін біріктіру әдісі қандай?
4. Теориялық зерттеулер құрамы.
5. Есептеулер құрамы. Жағдай және талаптар.


10 ДƏРІС
Теориялық зерттеу сатылары.

Теориялық зерттеулер келесі этаптардан тұрады: физикалық анализдің негізгі процесі, зерттеу жобасының құрылуы, физикалық модельдің жасалуы, математикалық зерттеулер жүргізу, теориялық анализдің шешімі, тұжырымды құру. Егер математикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік болмаса, сызбалар мен кестелерді қолданып сөз түрінде жұмыс жобасы құрылады. Техникалық ғылымда математикалық формулалардың гипотезасы мен тұжырымын қолдану қажет.


Әрбір есептеудің өзінің жағдайы мен талаптары болады. Жағдай – есеп шығару алдында, ақпараттық системаларды анықтау.
Талаптар – шешім арқылы мақсатқа жетуге ұмытылу.
Жағдай мен талаптар: бастапқы, келтірілген және іздену есебінде болады.
Бастапқы жағдай-жұмыстың алдында беріледі (бастапқы көрсеткіштер). Егер олар жұмыс жасағанда жеткіліксіз болса, онда зерттеулі жаңа көрсеткіштер алу керек оны келтірілген көрсеткіштер деп атайды. Іздену көрсеткіштер немесе іздену жағдайлары – бұл келтірілген жағдай, жұмыстың шешу процесінде табу керек.
Жағдай мен талаптар бір-біріне қарама-қайшылық туғызатын заттар. Олар бірнеше рет кездеседі, қойылады, бір-бірімен жақындасады. Есеп түпкілікті шығарылып болғанша, осы құрылымдық компоненттер жалғаса береді.
Теориялық зерттеулер бірнеше сатыдан тұрады.
1. Оперативтік (шұғыл) саты – техникалық қарама-қайшылықты жоюды қарастырады, ортадағы өзгерістің бағасын, қоршаған ортаны, басқа білім саласындағы ауыстыру анализін қарастырады, қарама-қарсы шешімді қолданады.
2. Синтетикалық саты нысанның бір бөлігіне екінші бөлігінің құрылуының өзгерісін анықтайды, басқа нысандардың өзгерістерін анықтайды. Өзгертілген нысанның қолдануы анықталады және табылған техникалық ойдың басқа зерттеулерде қолданылуын қарастырады.
Осы екі сатылардан өткен соң келесі:
3. Есеп құру сатысы болады. Жұмыстың соңғы мақсаты айқындалады, сол нысанның шешіміне жететін жетістіктер анықталады, есеп шығарудың ең ыңғайлы жолы қарастырылады және қажетті сапалық көрсеткіштер анықталады. Осыған байланысты қажетті қолданылуы анық жағдайларда алынған жұмыс шешімдерін практикада қолдануы.
4. Аналитикалық саты – жұмыстың идеалды шешімін анықтайды, идеалды шешім алғанда кедергі жасайтын «қателер» шығарылады, олардың себептері, жағдайлар анықталуы және қандай жағдайларда «қателер» қайталанбайтынын зерттейді.
Теориялық есептер шешімі шығармашылық сипатта болуы керек.
Шығармашылық шешім алдын-ала жасалған жоспармен тура келе бермейді.
Кейде тамаша шешімдер «аяқ астынан» анықталады. Шығармашылық шешімдер үйреншікті көзқарастан алыс ой тастайды және басқа көзбен қарайтын ойлар туғызады.
Объекті шындықтың тану процесінде териялық зерттеулер үлкен роль атқарады, себебі табиғи көріністерді терең зерттейді. Теориялық зерттеулер ой функциясына жатады. Ой функциясы – ашу, тексеру, түрлі табиғи аудандарын бөлшектеп тану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет