Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Енгізу процесі екі сатыдан тұрады



бет24/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Енгізу процесі екі сатыдан тұрады: өндірістік – зерттеу арқылы енгізу жəне сериялық енгізу(ғылыми жетістіктерді, жаңа техниканы, жаңа технологияны енгізу б.т.).
Өндірістік – зерттеу сынағынан кейін жаңа материалдар, конструкциялар,технологиялар, нұсқаулықтар, əдістемелер сериялық өндіріске техниканың жаңа элементтерін береді. Екінші кезеңде ғылыми – зерттеу мекемелері енгізуге қатыспайды. Олар енгізуші мекемелерге тек ғылыми – техникалық нұсқаулар бере алады жəне консультациялық көмектер көрсетеді.
Ғылыми жетістіктерді енгізуден кейін өндіріс орны түсіндірме жазбасын құрады, оған енгізу актілері, эксплуатациялық сынақтар туралы мəліметтер, экономикалық тиімділігі туралы есеп, өзіндік құнының төмендеуі туралы құжаттар, енгізуге жəне өңделуге қатысқаны туралы хаттама, қор бойынша еңбекақы есебі жəне басқа да құжаттар болуы тиіс. Ғылыми жəне техникалық жетістіктерді енгізуді компаниялар мен ұйымдардың финанстық көмегі арқасында жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары
1. Теориялық – эксперименталды мəліметтерді талдаудің əдісі?
2. Теория – эксперименталды зерттеу анализінің схемасы?
3. Теориялық тəуелділікті экспериментпен адекваттық критериі.


18 ДƏРІС.
Ғылыми зерттеу тиімділігі.

Жалпы ғылыми зерттеудің экономикалық тиімділігі дегеніміз аяқталған ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-жобалық жұмыстарды енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудің тиімділігінің негізгі түрлері:


1) экономикалық тиімділік — ғылыми зерттеуге шығынды төмендету, өнім сапасы, еңбек өнімділігін жоғарлату, кірісті көтеру;
2) əлеуметтік-экономикалық тиімділік — ауыр еңбекті болдырмау, еңбектің санитарлы-гигиеналық шартын жақсарту, қоршаған ортаны тазалау;
3) ғылыми жетістіктердің тиімділігі.
Ғылым біршама тиімді капиталдық салым болып табылады. Әлемдік практикада капиталдық салымнан кіретін кіріс 100—200% əрі кез келген саланың кірісінен жоғары болады. Шет елдік экономистер мəліметтері бойынша ғылымның бір доллар шығымына жылына 4-7 доллар кіріс болады.
Экономикада даму мен жылдамдықтың экстенсивті жолын енгізудің екі түрі бар. Экстенсивті даму жолы – бұл зауыт аумақтарын кеңейту, станок санын жоғарлату. Интенсивті жолы əр себілетін аумақтың гектарынан шаруашылық өндірістің бірнеше көп өнім алу көзделген. Бұл жаңа ғылыми-техникалық мүмкіндіктер қолдануды қамтамасыз етеді: жаңа еңбек құралы, жаңа технология, жаңа білім. Интенсивті факторларға адамдардың мамандығын көтеру жəне ұйымдастыру мен ғылыми-техникалық шешімдер жатады.
Жаңа білім, жаңа ғылыми мəліметті біршама толық қолданудан құралған бірқатар теориялық модел бар. Осы моделге сай сəйкесті көрсеткіштер бойынша фундаменталды зерттеудің бірлігі: қолданбалы зерттелер бойынша – 4, талдау бойынша – 16, өндіріске енгізу бойынша – 250. Бұл моделді академик В.М.Глушков енгізген, содан келіп, фундаменталды зерттеу сферасынан алынған мəліметтер қолданылады. Ол үшін қолданбалы ғылымның болуы да жеткілікті.
Сосын практикалық қолданылу мүмкіндігі жаңа технология, жаңа жоба түрінде жүзеге асады.
Егер фундаменталды жəне қолданбалы зерттеулердің қосынды шығыны сонымен қатар тəжірибелік-жобалық талдауды бірлік деп қабылдаса онда өндіріске жаңа білім енгізу мен осы білімді халық шаруашылығына енгізу арасындағы 1:12 қатынасын құрады. Ал шынында бұл 1:7 қатынас. Бұл халық шаруашылығында бос мықтылық жоқ дегенді білдіреді, маневр үшін мүмкіндіктер жетпейді (АҚШта мұндай қатынас 1:11).
Ғылыми зерттеу тиімділігін көтеру жолының бірі ілеспелі немесе аралық нəтижелер деп аталады, ол көп қолданылмайды немесе кеш қолданылады. Мысалы, космостық бағдарламалар. Оларды талдау нəтижесінде радиобайланыс жақсарған, телевизиялық бағдарлама ұзақтығы пайда болды, ауа райын болжау дəлдігі жақсарды, əлемді танудың фундаменталды нəтижелері алынды. Осының бəрінің экономикалық маңызы зор.
Зерттеу жұмыстарының тиімділігіне ғылыми басылымдардың тиімділігі тура əсер етеді ең алдымен мерзімді басылымдар. Ең алдымен отандық журналдардағы мақала шет елдік журналдардағы мəлімтетерге қарағанда көбірек жатып қалады.
Зерттеу тиімділігін бағалау үшін əртүрлі критерилер қолданылады, бұл олардың нəтижелік дəрежесін сипаттайды.
Фундаменталды зерттеулер талдау біршама жүргізілгеннен кейін біршама уақыт өткен соң капитал салымын бере бастайды. Олардың нəтижесін көп жағдайда əртүрлі салаларда кең қолданады, тіпті күтпеген жерде де қолдануы мүмкін. Сондықтан мұндай зерттеулердің нəтижелерін жоспарлау қиын.
Фундаменталды теориялық зерттеулерді тиімділіктің мөлшерлі критериімен бағалау қиын. Көп жағдайдасе тек сапалы критери орнатса болады: елдің халық шаруашылығының əртүрлі саласында зерттеу нəтижелерін кең қолдануға, құбылыстар жаңалығы, біршама өзекті принципиалды дамуы үшін үлкен демеу береді.
Қолданбалы зерттеу тиімділігін бағалау біршама қарапайым. Бұл жағдайда əртүрлі мөлшерлі критерии қолданады.
Кез келген зерттеудің тиімділігі туралы тек ол аяқталған соң жəне енгізген соң анықтап, айтуға болады, яғни халық шаруашылығына кіріс қайтарған соң ғана. Мұндағы ең маңызды фактор уақыт болады. Сондықтан қолданбалы тақырыптың талдану ұзақтығы мүмкіндігі болса қысқа болады. Ең дұрысы мұндай нұсқа, талдану ұзақтығы үш жылға дейін болса, қазіргі кезде халық шаруашылығындағы қолданбалы зерттеу ықтималдығы 80% жоғары емес.
Ғылыми жұмысшының жұмысының тиімділігі əртүрлі критерилермен бағаланады: жарияланымдық, экономикалық, талдау жаңалығы.
Жарияланымдық критери жалпы əрекетпен сипатталады — баспа жұмыстарының қосынды мөлшері, баспа қағаздарындағы жалпы көлемі, монография, кітап, оқу құралы мөлшері. Бұл критерий ғылыми жұмысшының тиімділігін əрқашан объективті сипаттамайды.
Ғылыми зерттеуді енгізудің экономикалық тиімділігінің үш түрі бар: алдын-ала, күтілетін жəне нақтылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет