Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет43/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Тексттің құрылымдық құрамы. Тексті абзацқа, яғни азат жолдан басталатын бөлімдерге бөлу керек. Жазылудың мәні мұндай бөлудің критерийі болып табылады-әр абзац құрамында мағына немесе бірнеше сөйлем бар өзіндік мәнін қамтиды. Қайталау болмау керек, бірінші пікір бітпей келесі пікірге өту болмау керек. Қолжазбада ұзақ фразалар, кіріспе сөздер мен фразалар жіберілмейді, мүмкіндігінше қысқа және нақты сөйлемдер қажет.
Баяндама бейтарап болу керек, құрамында сыны бар, автордың атына жағымсыз болса да, әдебиетте қойылған сұрақ бойынша пайда болған пікірлерді бағалау. Ал егер бәстестік пікір пайда болса, ол туралы алдын- ала келісіп алу керек. Тексте автор өзіне аздау сілтеу жасаған жөн, ал егер бұл керек болып тұрса автор үшінші жақтан мәнер қолдану керек: автор сөйтіп ойлайды, біздің пікірімізше және т.б.
Мәтінді сандармен, сөз дәйектермен, сәндеулермен күрделендірудің қажеті жоқ, өйткені бұл оқырманның назарын алаңдатады және мазмұнын түсінуге қиындатады. Дегенмен де, мұндай материалдан мүлдем бас тартудың қажеті жоқ, себебі оқырмандар соған қарап зерттеу барысында алынған нәтижелерін тексере алады. Бүкіл көмекші материалдарды қосымша түрінде келтірген жөн.
Қолжазбадағы сөздәйектелген орындардың ақпарат көзіне дәл сілтемесі болуы керек.
Стандартқа сәйкес шартты белгілер мен рұқсат етілген сөздердің қысқартылуы қадағалануы тиіс. Былай жазуға болмайды, мысалы: 10 тонна немесе 10 тн немесе 10 т., тек қана былай 10 т (нүктесіз). Бұл стандарттар мен қысқартылған сөздер туралы мәліметтер анықтамалық басылымдарда, энциклопедияларда, сөздіктерде бар. Егер стандартты емес қысқартылған сөздер қолданылса, бөлек қысқарту кестемін беріп және есеп берудің басына орналастырған жөн.
Ғылыми есеп беруді, баяндаманы, мақаланы жазғанда келесі жалпы мазмұндама жобасын ұстану жөн:
Алдымен аты ойластырылады (жұмыстың атауы қысқа, анық, жұмыстың мазмұнына жауап беретін болуы тиіс, себебі бұл бойынша ғылыми жұмыс пәннің каталогы бойынша жіктеледі). Жұмыстың аталуы мұқаба бетке жазылады, онда атау септігінде автордың (авторлардың) толық аты, әкесінің аты, тегі және жұмысты жазған кездегі атқаратын қызметі, ұсынған жұмыстың қай қалада және мекемеде жасалуы, рәсімделген жылы, басқарушының тегі, шені және атағы жазылады.
Тарауды (мазмұнын) қысқаша түрде оқырман алдына ашу керек жұмыс мазмұнын негізгі бөлімдерді, тарауларды және басқа да қолжазба жіктелу мен белгілеу жолымен. Қолжазбадағы жалпы құрылымдағы мазмұнын орны не басында, не соңында болуы мүмкін.
Кейде ғылыми жұмысты рәсімдеген кезде оған алғысөз беру қажеті туады. Онда ғылыми жұмыстың пайда болуына сыртқы әсерлер айтылады: ол не себептен пайда болды, жұмыс қашан және қай жерде жасалды, осы жұмысқа ықпалын тигізген ұйымдар мен адамдар тізімі айтылады.
Қысқаша кіріспеде автор оқырманды қиындықтармен таныстырады, зерттеудің негізгі сұрағын нақтылайды. Мұндай кіріспеде проблеманың мәні анықталады, оның өзектілігі, автордың ғылыми жұмысты жазғанда мақсаты мен тапсырмасы, осы сәттегі мәселенің ахуалы.
Кіріспеден кейін қарастырылған сұрақ бойынша қысқаша әдеби шолу беріледі. Сонымен бірге маңызды әдебиетті маңыздысыздан ажыратуға мән бөлу керек.
Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, әдістер, тәжірибелік мәндер, жалпылау және зерттеудің нәтижесі кіреді. Текстте қолданылатын сөз бен сөз тіркестеріне үлкен көңіл бөлу керек, олардың екімағыналылығын жібермеу.
Қайта енгізілген терминдер мен түсініктерді кеңінен айқындау керек. Кең қолданылатын және арнайы терминдерді және түсініктерді ашып жазудың қажеті жоқ, себебі ғылыми жұмыс дайын оқырманға, мамандарға арналған.
Сандық материал, егер ол бар болса, қарап шығуға оңай болатын түрде ұсынылады (кесте, диаграмма, график түрінде) айрықша дәлдікпен қадағаланады, себебі қате сандар қате нәтижеге әкеліп соғады. Егер де кез-келген сандық материалды жеткілікті ашықтылығы және қысқалығымен тексттің өзінде баяндауға болса, онда оны кестелік түрге келтірудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар барлық жолда бірдей санмен көрсетілетін мәндерді енгізудің қажеті жоқ (оны текстте жазу ыңғайлы). Текстке қосылған әр кестенің тақырыбы және нөмірі болуы тиіс. Әсіресе кестенің тақырыбының бағанасына көңіл аударылуы тиіс. Кестеде кем дегенде төрт сұрақтың жауабы болуы керек: не, қашан, қайда, қайдан.
Тұжырымдар жұмыста баяндалған материалға сай жауап беру керек. Тұжырымдар жауаптың соңында қысқаша келтірілген және нөмірленген қысқаша тезис түрінде жазылады. Кейде оларды біріктілген, бірақ шекті сығылған баяндама түрінде беріледі және принципті сақтайды: қорытындыда жекеден жалпы және маңызды түріне өту керек.
Қорытындыда ғылыми зерттеудің жағдайы келтіріледі, нәтиже беріледі, автордың берілген жағдайлары көрсетіледі, сонымен қатар рұқсат қажет ететін сұрақтар қарастырылады. Қорытындыда ешқашан тұжырым қайталанбау керек. Әдетте олар шамалы болып келеді, бірақ ақпарат бойынша көлемді болады.
Жақсы жазылған қорытынды мына көрсеткіштермен сипатталады, осы қорытындыны оқыған адам берілген бағыт бойынша зерттеулермен таныс берілген жұмыстың сапалық түрін өз алдына елестете алады.
Жұмыстың соңында қолданылатын әдебиеттер тізімі келтіріледі. Сөз дәйектелген әдебиет көзі, егер олар аз немесе біреуі қолданылса, онда оларды текстте көрсетуге болады, ал егер олар көп және көп рет қайталанса, онда текстте тізім нөмірін көрсету керек берілген әдебиет көзінің тізімі бойынша, жұмыстың соңында көрсету. Барлық көздер библиографияда қабылданған түрде жазылуы және нөмірленуі керек. Жиі әдебиеттер тізімін берілген жұмыс бойынша сілтеме тәртібінде құрастырады.
Ғылыми еңбектерде жұмыс соңында қосымша беру қажеттілігі туады, оған қосымша кестелер, графиктер, қосымша тексттер және т.б. материалдар кіреді. Көп жағдайда жұмыс тексті бойынша реферат немесе аннотация дайындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет