Дәріс Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар



бет36/38
Дата09.03.2023
өлшемі3.17 Mb.
#470578
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
3 дәріс

Пневматикалық араластыру. Араластырудың бұл əдісі араластыратын сұйық қабатына газды жіберу арқылы өткізіледі. Сығылған газ (əдетте ауа) сұйықпен толтырылған аппаратқа беріледі. Аппараттың төменгі жағына барботер орнатылады. Барботер көптесікті құбырлар, ол аппараттың көлденең қимасы бойынша газдың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Араластыру қарқындылығы аппараттың қимасына қатынасты газ жылдамдығымен анықталады.
Пневматикалық араластыруда араласатын сұйық пен газдың жанасуы мүмкін болған жағдайларда қолданады.
Айналмалық араластыру. Айналмалық араластыру «аппарат-насос-аппарат» жүйесі арқылы сұйықты көп қайталап айдаумен жүргізіледі.
Құбырларда араластыру. Араластырудың бұл əдісі сұйықтарды араластырудың ең қарапайым түрі. Ол сұйықтарды құбырлар арқылы тасымалдауда қолданылады. Құбырларда араластыру турбулентті пульсациялар əсерінен жүреді. Араластырудың бұл əдісін, егер ағын турбулентті жəне құбырдың ұзындығы сұйықтың оның ішінде болу уақытына жеткілікті болса қолданады. Сұйықтың араласуын дамыту үшін жиі құбырдың ішіне арнайы қондырмалар, инжекторлар, т.б. орнатылады.
Насостар. Насостардың негізгі сипаттамалары. Үйкеліс күшін, жергілікті кедергілерді жеңіп жəне энергия шығындап сұйықты төменнен жоғарыға құбыр бойымен аппараттарға жеткізетін гидравликалық машиналар – насостар.
Қозғалтқыштан шығатын энергия насоста сұйық ағынының энергиясына айналып оның қысымын жоғарылатады. Насостардың негізгі сипаттамаларына олардың өнімділігі, тегеуріні жəне қуаттылығы жатады.
Өнімділік – Q ( ⁄сағ) насос құбырға насоспен бір уақыт ішінде айдалатын сұйықтың көлемімен анықталады жəне ол насостардың 2 тобы үшін əрқилы болады: динамикалық насостар үшін тəжірибелік зерттеулермен, көлемдік насостар үшін конструктивті өлшеммен анықталады.
Тегеурін – Н (айдалатын сұйықтың ұзындығы, м). Тегеурін насоспен айдалатын сұйықтың бірлік салмағына беретін меншікті энергиясымен сипатталады. Сұйықтыққа берілетін энергия оның құбыр бойымен бір аппараттан екінші аппаратқа айдалысы кезіндегі барлық шығындарды жабу үшін қажет. Сондықтан талап етілетін тегеурін құбыр өлшемдеріне қарай, бекітуші арматураға жəне басқа да құрылғыларға байланысты анықталады.
Соратын жəне айдайтын тегеуріндер аралығындағы əртүрлілікті насостың өзі қалыптастырады. Сонда қарқынның теңдеуі: 2
  (1.24)
Мұндағы   – насостан шығатын сұйықтың айдаушы құбырдағы қысымы, Па;  – насосқа кіретін сұйықтың сорушы құбырдағы қысымы, Па; һ –   пен  қысымдарын өлшеу нүктелері арасындағы вертикальды арақашықтық, м;   – сұйықтың айдаушы құбырдағы жылдамдығы, м/с;   – сұйықтың сорушы құбырдағы жылдамдығы, м/с.
Əдетте, соратын жəне айдайтын құбыршалардың диаметрлері тең, демек =   . Осыған байланысты (70) теңдеуі қарапайым түрге келеді:


  (1.25)

Осылайша жұмыс істеп тұрған насостың тегеуріні, манометрлердің көрсетулерінің айырымы мен осы аспаптардың тұрған жерлерінің тік бағыты бойынша, арақашықтықтарының жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.




(1.26)




1.2-сурет. Ортадан тепкіш насосты қондырғының сұлбасы
Мұндағы Н – насос дамытатын толық тегеурін, айдалатын сұйықтың метр бағанасымен өлшенеді; мен  – айдау кеңестігі мен сору кеңестігі арасындағы қысым, Па; ρ – айдалатын сұйықтың қысымы, кг/ ;   – сұйық көтерілуінің геометриялық биіктігі, м;   – сорушы жəне айдаушы линия бойындағы туындайтын барлық жергілікті кедергілірді жоюға жұмсалатын тегеурін мөлшері, м; g = 9,81 м/  – еркін түсу үдеуі. (1.26) теңдеу бойынша насостың тегеуріні үш қосындыдан құралады: сұйықтықты көтерудің геометриялық биіктігінен, тегеурінді жəне қабылдаушы ыдыстар қысымдарының айырымын жеңетін күштен жəне сорушы мен айдаушы құбыршалардың жалпы гидравликалық кедергісінен (1.2-сурет). Негізінен (1.26) теңдеуді технологиялық қондырғыларға насостарды таңдап алу кезінде қолданады. (1.24) жəне (1.25) теңдеулерді насостарды жобалау кезінде тегеурінді есептеу үшін қолданады.
Насос қозғалтқышы пайдаланатын қуат, кВт:
  (1.27)
Мұндағы Q – насостың көлемдік өнімділігі,  /с; ρ – айдалатын сұйықтың тығыздығы, кг/ ; η – насос қондырғысының ПƏК. Қозғалтқышқа түсетін ауыртпалықты ескере отырып, қондырғыға біршама артық қуаты бар   қозғалтқыш орнатылады.

мұндағы β – артық қуат коэффициенті.
Кез-келген құрылымды араласырғыштың жиілігі жоғары айналмалы қозғалысында пайда болатын ортадан тепкіш күш әсерінен араластырғыш қалқандарынан сұйықтық тарамдалып ағады. Сұйықтықтың бұл ағыны ыдыс қабырғасына жеткен мезетте екіге бөлінеді: бірі жоғары, екіншісі төмен қарай қозғалады.
Тарамдалған ағынның пайда болуы ауыспалы аймақта төмен қысымды аймақы тудырады да, осы аймаққа беткі және төменгі бөліктерден сұйықтықтың қозғалысын арттырады. Нәтижесінде ыдыстың жоғарғы бөлігінен жоғарыдан төмен араластырғышқа қарай ось бойынша ағын пайда болады. Сонымен, аппаратта орныққан ось бойынша ағын немесе орныққан айналым қалыптасады.
Араластырғышы бар аппараттағы бірлік уақыттағы айналып өтетін сұйықтық көлемі араластырғыштың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылатын насос эффектісі деп аталады. Насос эффектісі жоғары болған сайын аппаратта араластыру процесі қарқынды жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет