1. көлемдік беріліс (сорап берілісі) | , ; | | , ; | 3. сорап қуаты | , ; | | . |
6-кесте
Сорғыш берілісі немесе өнімділігі – сорғыштың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;
Сорғыштың тегеуіріні - тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне берген салыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді.
Сорғыштың куаты -сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі.
Сорғыштың пайдалы әсер коэффициенті -пайдалы қуаттың толық қуатқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. -сорғыш тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған.
Сорғыш жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы « » жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.
1. ауыспалы жылдамдық векторы « » - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;
2. салыстырмалы жылдамдық векторы « »жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.
Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады
.
Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорғыш туғызған теориялық тегеурін сорғыш сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сорғыштардың тегеуріні мен берілісі өзара байланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |