3. Теория мен эксперименттің байланыстылығы
Теория мен эксперименттің байланыстылық қағидасы мен оның ережелерін орындаудағы физикалық эксперименттердің рөлі:
Бұл принцип философияның «тәжірибе - танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе - ақиқаттың көрсеткіші; тәжірибе өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау санасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді. Жоғарғы оқу орындарындағы физика сабақтарында педагогика ғылымындағы дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға қажетті ережелерді орындауда физикалық тәжірибелердің алатын орны ерекше екеніне көз жеткіздік. Бұл ережелерді физикалық эксперименттер көмегімен орындау олардың қызығушылығын оятып, теорияны практикада орындауға үйретеді.
Болашақ зерттеуші ғалым физик магистранттарының физикалық экспериментке тәжірибелік дайындығының маңызды көрсеткіштері ретінде төмендегілерді айтуға болады:
- Өлшеуіш аспаптар мен құрал-жабдықтардың құрылысын, жұмыс жасау қағидаттарын білу;
- Жетпей жатқан құрал-жабдықты балама құрал-жабдықтықтармен алмастыру;
- Экспериментке қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, оларды керек жерде қолдану;
- Жарамсыз құрал-жабдықтың мүмкіндігінше ақауын жою.
Болашақ зерттеуші ғалым физик магистранттарының физикалық экспериментке тәжірибелік дайындығын жетілдіруге қажеттілік ретінде 2-суретте көрсетілген блоксхеманы пайдаланамыз.
Болашақ зерттеуші ғалым физик магистранттарының физикалық экспериментке тәжірибелік дайындығы суретте көрсетілгендей Физиканың негізігі бөлімдерінен және физиканы оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық жұмыстарыды орындаған кезінде қалыптасады.
Қазіргі қоғамда технологиялардың жедел дамуына байланысты Болашақ зерттеуші ғалым физик магистранттарының физикалық экспериментке тәжірибелік дайындығын заманауи технологиялар негізінде жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының талабы бойынша Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу; электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу; Электромагниттік толқындарды компьютерлік модельдеу; Нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу; молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу және т.б. тапсырмалар мен тәжірибелер орындалуы тиіс. Бұл шынайы, дәстүрлі тәжірибелерді ұйымдастыру дайындықтарымен қатар болашақ мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын компьютерлік моделдеу саласы бойынша жетілдіру қажет екенін көрсетіп тұр.
ІІ. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысында Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, STEM-кабинеттермен жарақтандырылатыны айтылған. Бұл болашақ зерттеуші ғалым физик магистранттарының физика сабағында оқу-эксперименттерін ұйымдастыру кезінде STEM элементтерін, сандық (цифрлық) құрылғыларды қолдануға дайын болу қажеттігін көрсетеді.
Сурет 2 – Тәжірибелік дайындықты жетілдіру үшін қажеттіліктер
ІІІ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында STEM элементтерін (робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг және басқаларды) ескере отырып, бағдарламалау тілдерін қайта қарау арқылы орта білім беру бағдарламаларын өзектілендіру мәселесі көтерілген. Бұл болашақ мұғалімдерінің физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру кезінде робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг технологияларын қолдануға дайын болу қажеттігін көрсетеді.
IV. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығында физика кабинетіне арналған жабдықтар мен құралдардың тізбесінде «Физика бойынша эксперименттерге арналған сандық интерактивтік зертхана» және «Физикалық эксперименттерді 3D модельдеу бағдарламасы» кіріктірілген. Бұл болашақ мұғалімдерінің физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру кезінде Физикалық эксперименттерді 3D модельдеп оқушыларға көрсете алатын дайындығы болуы қажет екендігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын үнемі жетілдіру қажеттілігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |