Дәріс тақырыбы Грамматика теориясының негіздері пәніне кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата08.03.2024
өлшемі475.89 Kb.
#494715
1   2   3   4
дәріс 1-апта

қап-қап, ұзын-ұзын, бес-алты сынды түрлерін, тіркесті сөздің біраз түрлерін лексикалық 
бірліктер ретінде таниды. Оған қарсы пікірді С.Исаев айтады: «...ыдыс-аяқ, кәрі-жас, т.б. 
сияқты қос сөздер жаңа сөздер болып табылады, ал мая-мая, қора-қора немесе үп-үлкен, 
сап-сары, ат-мат, шай-пай т.басқаларды толық мәнді жаңа туындылардың қатарына 
жатқызуға бола ма?» Боз торғай, қара торғай, боз құнан, қара құнан. Қайсысы күрделі 
атаулар, қайсысы жоқ? Боз торғайды сары торғай, ақ торғай деп айта алмаймыз, өйткені 
олар номинативтік (атаулық) мағынаға ие болған сөздер. Ал боз құнан дегенде оны 
жиренмен, құламен басқа да түстермен ауыстыра аламыз. С. Исаевтің сөзі. 
Келесі: туынды сөз бен туынды түбір арақатынасы, сондай-ақ қосымшаларға 
қатысты мәселелер. Туынды сөз термині көпке дейін туынды түбір терминімен аражігі 
ашылмай бірінің орнына бірі қолданылып келді. Жалшы, еңбекқор, салауатты деген 
сөздерді туынды сөз деп те, туынды түбір деп те атай бердік. Туынды сөз терминінің 
мағынасы туынды түбір термині мағынасынан кең. Туынды түбір - туынды сөздің бір түрі 
ғана. Туынды түбірге сөз туыдырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздер ғана жатады. Ал 
туынды сөзге басқар, бүгін, қыр мұрынды сөздерінің бәрі жатады. 
Жалғаудың көптік түрі. Неге С.Исаев көптік жалғауды сөз формасын жасаушы 
жұрнақ деп қарайды?!
Ғылым үнемі дамып отырады, баяу болса да. Қазіргі ғылымның дамуында 
грамматиканы зерттеудің жаңа бағыттары қалыптасты. Олар функционады грамматика, 
компьютерлік лингвистикада грамматика саласын жеке алып қарастыру т.т. 


Келесі: функционалдық грамматика. Мағына мен қызмет, тұлға мен қызмет 
ұғымдары тереңдей қарастырылып, қызметті негізгі зерттеу тәсілдемесі ретінде ұстайтын 
зерттеушілер грамматиканың функционалды бағытын қалыптастырды.
Келесі грамматиканың компьютерлік түрі. «... компьютерді адам тілі 
грамматикасына негізделген ережелерге сәйкес модельдеуге бағдарламалап қоюға болады. 
... Грамматика деген шексіз, оның лингвистикалық ережелерге сәйкестігін тексеру үшін өте 
көлемді жұмыс атқарылуы тиіс. Осы тұрғыда компьютерлердің маңызы зор» (514б 
Фромкин 
В., 
Родман 
Р., 
Хайамс 
Н. 
Тіл біліміне кіріспе [мәтін] / ауд. М.Жаңабекова, Б.Мизамхан, Ұ.Ісләмова // Рухани 
жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.- Алматы, 2018).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет