Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады



бет8/10
Дата02.10.2023
өлшемі80.46 Kb.
#479533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дәріс тезистері арт 6

Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілерді байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.
3. Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген».  Қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі . Ал музыкалық аспаптары 18 ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар

  1. Қазақ Бейнелеу өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан суретшілер.

  2. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі.

  3. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерді атаңыз.

1

№ 14-15
дәріс

Орындаушылық өнер: әуен, хореография, театр, кинематография.
Дәріс жоспары:
1. Қазақ музыка мәдениеті.
2. Қазақ балеті.
3.Қазақ театры мен киносы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. ХХ ғ. қазақ музыкалық мәдениеті жаңа әуендік және жанрлық түрімен байыды. Аз ғана кезеңдік тарихи уақытта Республика европалық классикалық музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл – опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері. Шығармашылықтың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары – Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, А.Жұбанов, Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан - Сара” опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі – қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт - азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән–жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж. Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры-симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ.Жұбанованың, Қ. Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй-жаңа жанрлық синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы танымал өнер ұжымына айналды. Б. Сарыбаев сияқты ғалым - фольклоршы қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары оның құрамына кірді. Күйлердің оркестрлік орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі шерулер - барлығы бір арнаға тоғысады.
2. 80 - 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды ("Мадам Баттерфляй", 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; "Корсар", "Ұйқыдағы ару", 1991, В.Владимиров). 1991 - 2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. Қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. "Дәстүр сыйлығы" балет фестивалі, 'Талша Уланова сыйлығы", "Қазақстандықтар - әлем балетінің жұлдыздары" атты байқауы өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет