Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Радлов қазақ жеріне сапарын 1862 жылы бастайды. Ол шығыс Қазақстанда, Іле өңірінде болып, Ыстықкөлге жетеді



бет5/10
Дата02.10.2023
өлшемі80.46 Kb.
#479533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дәріс тезистері арт 6

Радлов қазақ жеріне сапарын 1862 жылы бастайды. Ол шығыс Қазақстанда, Іле өңірінде болып, Ыстықкөлге жетеді. Осы экспедицияның негізінде қазақ тілі мен әдебиетіне ғана емес, тарихына, археологиясына да байланысты көп материалдар жинайды. 1868 жылы ол қазақ даласына арнайы үлкен экспедиция ұйымдастырып, сахараны жаз бойы аралап, Сырдария облысына дейін барады. Зеравшан алқабында болады. 1869 жылдың жазын ғалым қазақ даласында өткізген.
2. XIX ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы аса күрделі, шиеленісті кезең. Алмағайып жаугершілік замандар кейін қалып, хандық дәуірді де бастап өткізіп, қазақ ұлысы қоғамдық қатынастардың келесі бір жаңа белесіне қадам басты. Білектің күшімен, найзаның ұшымен терезе теңестіріп келген қазақ елінің басына саяси күрестің ең бір озбыр, сұрқия құрығы төніп тұрған. Қос қолтықтан алған Ресей патшасының, Қоқан хандығының қыспағы тынысын тарылта түскен, «Ақтабан-шұбырынды» деген атпен тарихтан мәлім жаугершілік қырғыннан шыққан қазақ елінің әдеби шығармаларда түзілген. Осы ғасырда қазақ әдебиеті өз тарихында бұрын-соңды болып көрмеген түлеуді, жаңғыру процесін бойынан өткізді. Қазақ хандығы кезінде елдік рухын берік бекіткен ұлттық әдебиет енді қазақ ұлысының дағдарысты алмағайып күндеріне килікті. XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты ерекшеліктері байқалады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. «Құран Кәрім», өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақын кітап «Сейфілмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының баспаханасынан жарық көрді. Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасырлар табалдырығында қол жеткізді. «Иғлан наме», «Қисса-и-Шәкір-Шәкірат…», «Атымтай», «Ер Тарғын», тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет көруі сол кезеңнің үлесіне тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен бірге, әдебиеттің де тарихи даму заңдылықтарының ерекше жаңалығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет