Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет5/5
Дата24.09.2022
өлшемі53.79 Kb.
#461252
1   2   3   4   5
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (2)

«сынап көру» тәсілімен шешіледі.
Х+13=29, 29-х=13, х-17=13 сияқты теңдеулерді шешу кезінде «белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты шегереміз» немесе «азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз» т.б. қажетсіз ережелерден аулақ болу керек. Оның орнына тура теңдіктің қасиетіне және амалдардың өзара кері екендігіне сүйеніп шешу тәсілі үйретілуі тиіс.
Амалдарды орындаудың рет тәртібіне байланысты бастауыш сыныптарда мынадай екі ереже ғана таныстырылады: «жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады»; «жақшасыз өрнектерде орналасу ретіне қарай алдымен көбейту және бөлу, содан соң орналасу ретіне қарай қосу мен азайту амалдары орындалады».
Теңбе-тең түрлендірулер бастауыш мектепте айқын емес түрде мысалдан мысалға немесе мысалдан нақты санға көшу кезінде қолданылады. Бұл материал ілгеріде өрнектерді ықшамдауға қарапайым дайындық жүргізуге арналған. Мысалы: 24+22=(20+4)+(20+2)=(20+20)+(4+2)=(40+6)-46.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: санды теңдік және санды теңсіздік; санды өрнек, өрнектің мәні, өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібі, әрпі бар өрнек, өрнектерді қарапайым теңбе-тең түрлендірулер, теңдеулер және оларды шешу тәсілдері.

  2. «Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: есепті алгебралық тәсілмен шешу.




№ 15
дәріс

«Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын геометрия элементтері, нысандары.
2. Геометриялық фигуралармен таныстыру, қарапайыс салулар, геометриялық мазмұнды есептер.
3. Геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш математика курсында қарастырылатын геометриялық ұғымдар курстың негізгі мәселесі теріс емес бүтін сандар нумерациясы мен оларға арифметикалық амалдар қолдану мәселелерінің мән-мағынасын ашумен қатар, орта буын «Геометриясының» жүйелі курсын оқытуға дайындық және оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық білім сапасын арттыру мақсатында оқытылып-үйретіледі.
Геометриялық материалдар оқушыларға геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері, геометриялық шамалар туралы жалпы түсінік қалыптастыру, салу есептерін орындау, геометриялық мазмұнды есептерді шешу түрінде оқытылады.
Геометриялық фигуралар математиканың алғашқы сабақтарында-ақ санау материалы ретінде қарастырылып, осы кезеңнің өзінде кейбір қасиеттері (үшбұрыштың қабырғалары – кесінділер, оның үш төбесі бар, үш бұрышы бар т.б.) оқытылып-үйретіледі.
Бұған қоса, геометриялық фигуралардың көпшілігі остенсивті (көрсету арқылы) түрінде таныстырылғанымен, кейбір фигуралардың нақты анықтамалары (тік, сүйір, доғал бұрыштар, тік төтрбұрыш, шаршы) да сұралады. Бұған қоса, геометриялық шамалар – аудан, периметр және көлем – да оқытылып үйретіледі.
Геометриялық материалдарға жататын мәселелердің бір тобы – геометриялық салулар.
Геометриялық салулар фигураны ерікті өлшеммен салу және берілген параметрлер бойынша салу деп бөлінеді. Салу есептерін орындауда оқушылар геометриялық фигуралардың қасиеттеріне көз жеткізеді, бастауыш математика курсы қарастырмайтын кейбір геометрияның жүйелі курсының мәселелерін де ұғынады. Жалпы салу есептері мынадай 4 кезеңнен тұрады: есепті талдау, салу, дәлелдеу, зерттеу.
Бастауыш мектепте оқушылар еркін өлшеммен кез-келген фигураны, ал белгілі бір параметрлер бойынша тек кесінді, тік төртбұрыш пен шаршыны ғана салады.
Геометриялық мазмұнды есептер бірінші сыныптан бастап оқытыла бастайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері мен белгіленуі; қарапайым геометриялық салулар; геометриялық мазмұнды есептер.

  2. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: геометриялық шамалар (фигураның периметрі, ауданы мен көлемі) және көпбұрыштардың периметрлерін, тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемін есептеп табу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет