Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған: Абдиуалиева Анар жоспар: жоспар



бет12/13
Дата09.02.2022
өлшемі40.07 Kb.
#455229
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәріс тақырыбы Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған Абд-melimde.com

5. Дүниетану сабақтарында «Әңгіме».


  • Әңгіме — бұл нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи объектінің не табиғат құбылыстарының біреуін сипаттау. Мұғалімдер көбінесе материал оқушыларға онша таныс болмаған жағдайда әңгімені қолданады. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың материалмен ретті, жүйелі түрде танысуына мүмкіндік береді, оларды дұрыс және логикалық ойлауға үйретеді.

  •      Әңгіме ғылыми жағынан дұрыс болу керек. Мұғалім балаларға қандай болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап және толықтырып, мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін анықтама кітабынан алдын ала қарап, тексеріп алады.

  •      Әңгіме балалар түсінігіне жеңіл де, қарапайым болуы керек. Мұғалім балалармен сөйлесу арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз етеді, егер мұғалім материалды нақтылы түсінбесе, онда ол білімді оқушылардың санасына толық жеткізе алмайды.

  •      Әңгіме айқын, көркем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Әсерлі әңгімені балалар жақсы түсінеді, есінде ұзақ уақыт сақтайды.

  •      Сабаққа дайындалғанда мұғалім қажымай-талмай өз бетінше ұзақ іздену керек, көркем шығармалардан үзінді оқуды қосу керек.

  •      Әңгіме міндетті түрде көрнекі  құралдарды: суреттер, макеттер, кестелер, компьютерлік технология пайдалану арқылы жүргізіледі.

  •      Әңгімені тәжірибемен қатар жүргізуге немесе тәжірибені алдын ала көрсетуге де болады.

  •      Әңгіменің ұзақтығы І-ІІ сыныптарда 8-10 минут, ІІІ-ІV сыныптарда 10-15 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет