Дәріс Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні



бет19/27
Дата06.09.2023
өлшемі106.7 Kb.
#476714
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні

Қолданылатын әдебиеттер:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық / М.Ә. Бөлешов.- Алматы: Отан, 2019.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері: оқу құралы / С.А. Ерманова.- Қарағанды: Ақ Нұр, 2016.

Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. С.О. Ордабеков. 2012

Жас ерекшелік психологиясы. Ұ.И. Ауталипова. 2017.

Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.М. Маусумбаева. 2017.

Жалпы физиология. М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. 2019.

Дәріс 6-7.
Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, зат және энергия алмасу, тамақтану гигиенасы туралы білімдерін тереңдету.
Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:

Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Тістер. Тістің алмасуы.

Зат және энергия алмасу.

Тамақтану гигиенасы.

Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі ұлпалардың жаңаруына, жасуша түзілуіне, адамның өсу-дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалы, тіршілікке жұмсалатын энергия көзі. Тағам құрамындағы қоректік затарды қарапайым қосынды – мономерлерге дейін ыдыратуды асқорыту деп атайды. Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды.


Су, минералды тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

Аутолитикалық ферменттер – тағамдық заттар (ана сүті құрамындағы ферменттер).

Симбионттық гидролазалар – бактериялар мен бір клеткалы жасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асырады (мысалы, күйіс қайыратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер). Адамда симбиоттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі.

Меншікті гидролазалар – жануарлар, адам организмінде осқорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.

Гидролиз ферменттерінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі асқорыту болып екіге бөлінеді: жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды (лейкоцит, лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистоциттерде ас осылай қорытылады).
Жасушадан тыс жерде асқорыту – дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) асқорыту болады. Дистанттық асқорыту ферменттер түзілетін жасушадан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық асқорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларда гликолистік ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликоликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителий бетіндегі микротүтіктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді.
Асқорыту жүйесі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер, бауырдан тұрады.
Асқорыту жүйесінің қызметі:

Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.

Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады.

Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.

Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.

Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон).

Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:

Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.

Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді.

Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді.

Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты.
Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.

Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.

Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.

Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.

Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.

Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет