Дәріс тезистері



Дата02.03.2022
өлшемі13.91 Kb.
#455915
түріБағдарламасы
1-дәріс. Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны, оқу бағдарламасы


1-дәріс. Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны, оқу бағдарламасы
Оқу нәтижелері: Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны, оқу бағдарламасы тақырыбы бойынша теориялық материалдарды біледі, түсінеді, есептер шығаруда қолданады.
Жоспары
1.Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны, оқу бағдарламасы
Дәріс тезистері
Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті өмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып саналады. Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:
 аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуника-тивтік іс-әрекетіне, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық байланысты жалпы
адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
 оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
 меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.
Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады:
 баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
 математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
 заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру;
 оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену.
Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды игеруді қажет:
- натурал сан, нөл , натурал сандар қатарлары мен олардың негізігі қасиеттері туралы, жай және ондық бөлшектер туралы ұғымдарды;
- негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы, бағасы, денелердің көлемі мен сыйымдылығы, уақыт, фигуралар ауданы), шамаларды өлшеу бірліктері және олардың арасалмақтығы тураалы түсініктерді;
- метрлік өлшем жүйесін, уақыт өлшемдерін білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды;
- қарапайым өлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды қолдана білу іскерлігін (сызғыш, сағат, таразы, өлшем ыдыстары және т.б);
- бүтін (көптаңбалы) және бөлшек сандармен негізі төрт арифметикалық амалдарды орындай білуді;
- жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық есептерді шешу іскерлігі;
-жазықтық және көлемді геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың қасиеттерін білу және оларды сызба құралдары (сызғыш , циркуль, үшбұрышты сызғыш, транспортир) арқылы салу.
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бөлімдері:
- бүгін сандар арифметикасы,
- шамалар,
- арифметикалық есептер,
- бөлшектер арифметикасы,
- көрнекі геометрия элементтері.
Арнайы мектепте математикаға оқытудың ерекшеліктері:
 әр сыныптың бағдарламалық материал көлемінің шағын болуы;
 бағдарламадағы материалдық орналасу ерекшелігі (дайындық жаттығулардың болуы және кейбір тақырыптарды алдын ала өту);
оқыту барысында теңеу, салыстыру және қарама-қарсы қойып салыстыру тәсілдеріне сүйену;
 материалды концентр ретімен оқу (бес концентр);
 көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану;
 оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы;
 болмыстың нақты құбылыстарын бақылау барысында алынған білімдерді жалпылау;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет