Йеркс-Додсон заңы бойынша жақсы нәтиже мотивацияның орта деңгейінде ғана мүмкін деп
есептелінеді. Мотивацияның өзіндік шегі болады және осы шекке жеткенде мотивация деңгейі
төмендейді. Мұны парабола ретінде көрсетуге болады. Йеркс-Додсон заңы өзіндік екі заңдылықтан
тұрады.
Біріншісі жоғарыда айтылды. Ал екінші заңдылық бойынша жұмыс неғұрлым қиындаған сайын
оңтайлы, яғни тиімді мотивация еңгейі төмендейді. Сізге күрделі жұмысты атқару үшін минималды
мотивация деңгейі қажет.
1908 жылы Йеркс пен Додсон жануарлармен сынақ жүргізеді. Жануарларға лабиринттен өту
үшін мотивацияның орта деңгейі қажет болған (мотивация тоқ соғу арқылы берілген). д
Оптимум нүктесіне жету үшін мотивация өсе береді.
Міндетті атқару қажеттілігі
жоғарылағанда ғана біз бұл тапсырманы жақсы орындаймыз.Бірақ біз оптимум нүктесіне жеткен
соң эмоциялық қысым көреміз: уайымдаймыз, қысыламыз, стресс аламыз.
Осы әсерлердің
себебінен бізде жұмыс тиімділігі төмендейді. Демек мотивация оптимум нүктесінен асқан кезде біз
жұмысты дұрыс атқара алмаймыз.
Мотивация түрлері.
Мотивация
ішкі және
сыртқы болып бөлінеді. Оларды ажырату үшін алдымен мына әңгімені
оқыңыздар:
«Бір қарт адамның үйінің терезесінің алдында балалар ойнауға шығады.Әр кеш сайын олар
шалғын жинап,айқайлап, жүгіріп адамның тыныштығын бұзады. Ешқандай өтініш және ақылдар
үйден ары ойнауға әсер етпейді. Сол кезде ол ойланып, балаларға былай дейді: "сендер бүгін өте
жақсы жүгірдіңдер, ойнадыңдар және айқайладыңдар. Сол үшін әрқайсыларыңа 1
доллардан
берем".Балалар таң қалды!
Олар ойын арқылы қанағаттанып қана қоймай, тағыда ақша алды. Балалар мәз мейрам. Келесі
күні үйдің иесі шығып балаларға былай деді: «Білесіңдерме, балалар, бүгін жағдайым өзгерді, енді
сендерге 50 центтен ғана беремін»деді. Балалар ақшаны алып ары қарай ойнады,
бірақ ақырын
құлшыныспен. Ертеңіне жаңағы ақылды адам 20 центтан беріп айтты: «Ертең тағы келіңдер,
сендерге 5 центтан берем»деді. Балалар бұған былай жауап берді: «міне тағы, біз 5цент үшін ойнап
айқайлаймызба»деді. Міне осылайша қарт адам терезесінің алдындағы айқай шудан арылды.
Бұл қандай мағынада айтылған әңгіме? Ол ішкі және сыртқы мотивация жайында.
Бұл қарт
адам балалардың ішкі мотивациясын төмендетті (олардың эмоциялары, еркін ойнау, "жүгіру және
айқайлау") сыртқы мотивацияға ауыстыра отырып (ақшалар) жойылып кетуіне себеп болды.
Ішкі мотивация–бұл тыным бермейтін «отын» тәрізді, сәтсіздікке ұшырамаумен қиындыққа
кетпеуді негіздейді. Ішкі мотивация келесі құбылыстардан құрылады:
- армандау, ұмтылу;
- шығармашылыққа ұмтылу;
-өзіне сенушілік пен, талап ету;
- көз жеткізу;
- әуесқойлық;
- тұлғаның өсуі;
- қарым-қатынас қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: