Дәріс№5 Құрлықтың флоралық және фауналық жіктелуі. Мақсаты



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі147.58 Kb.
#485485
1   2   3
1692238436587 Дәріс 5

Неопропикалық патшалық
Облыстары:
Кариб
Гвиан таулы үстірті облысы
Амазония
Бразилия
Анд



Мадагаскар патшалықшасы
Мадагаскар облысы
Полинезия патшалықшасы
Облыстары:
Полинезия
Гавай

Кап патшалығы
Кап облысы

Жаңакаледон патшалықшасы
Жаңакаледон облысы

Аустралия патшалығы
Облыстары:
Солтүстік –шығысаустралия
Оңтүстік –батысаустралия
Орталық Аустралия (Эремей)

Голарктикалық патшалық
Облыстары:
Хуан-Фернандес
Чилийско – Патагон
Жаңазеландия
Субантарктикалық аралдар облысы

Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі — патшалық. Патшалық атауы өзіндік флорасымен сипатталатын және жоғарғы эндемиктік таксондары бар аймақтарға беріледі. Дүниежүзінде барлығы: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап болып 6 патшалыққа бөлінеді.
Патшалықтар жоғарғы түр және тұқымдық эндемизммен сипатталатын облыстарға бөлінеді: сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тән. Құрылықтың флоралық жіктелуінде барлғы 34 облыс бар, олар өз кезегінде провинңияларға бөлінеді. Төменгі хронологиялық бірлік округ болып саналады.


Зоогеографияның маңызды міндеттерінің бірі құрылық пен мұхит аймақтарын оның фауналары арқылы сипаттау болып табылады.
Жер шарының бірнеше ерекше массивтерге бөлінген, олардың фаунасы ұзақ геологиялық уақыт аралығында бір-біріне тәуелсіз дамыған.
Қ
ұрылықтар арасында тікелей континетальды байланыстар болған, оны 3-суреттегі континенттердің мезозой эрасының ортасындағы орналасу күйінен көруге болады. Осыған орай әртүрлі құрылықтарда жануарлар мен өсімдіктердің ұқсас таксондарының өкілдері кездеседі, мысалы Африкада, Австралия және Америкада немесе Мадагаскар мен Оңтүстік-Шығыс Азия және тағы басқалары.

Континенттердің мезозой эрасының ортасындағы күйі (http://ukhtoma.ru/puls1.htm сайтынан алынған)




Жер шарының түкпір-түкпіріндегі фауна құрамындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар зоогеографиялық аудандастыруды, яғни зоогеографиялық облыстарды қалыптастыруды және оларды облыс тармақтарына бөлуді талап етеді.
Зоогеографиялық облыстарды бөлудің, анықтаудың негізгі әдіс-тәсілі болып – фауналардың салыстырмалы түрдегі ежелгілігі табылады (Африка фаунасы Сахарадан оңтүстікке қарай эоцендік сипатта болса, Оңтүстік Азия фаунасы – миоцендік сипатта және т.б.).
Ежелгіліктер басқа фауналардың тарихи байланысы мен таксономиялық ұқсастықтары да қарастырылады.


1- кесте - Жер шарының зоогеографиялық облыстарға бөлінуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет