Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Мәңгілік пен уақыт мәселесі



бет43/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   175
lektsii po filosofii

Мәңгілік пен уақыт мәселесі.
Дүниені жаратпастан бұрын Құдай-тағала не істеді?- деген сұрақ Августинді үлкен ойға қалдырды. Оның берген жауабы мынандай.
Бұл сұрақ мәнсіз, өйткені, уақыт жаратылған дүниемен бірге берілген.
Құдайдың өмірі - мәңгілік қазір, ол қайсыбір болашақтан басым, өйткені, болашақ әр қашанда ертелі-кеш өткен шаққа айналады, ал “Сен болсаң сенің бүгінің - мәнгілік²,- дейді Августин.
Ал, бұл Дүниедегі уақытты алатын болсақ, ол өткен, қазіргі және болашақтан тұрады. Өткен шақ - ол қазір жоқ, болашақ - ол әзір жоқ. Ал қазір егер өткен шаққа айналмаса, уақыттан – мәңгілікке айналар еді.
Августиннің ойынша, уақыт - рухани өмірдің өлшемі. Адам өз өмірін өткенге, қазіргі, болашаққа бөледі. Өткеннің қазірі - естегі нәрселер, қазірдің қазірі- ол ішкі сезім (іntuіtіo-лат.сөзі-қадағалап қараймын), болашақтың қазірі-ол бір нәрсені күту, тосу үміттену.
Тек қана біздің жан-дүниеміз үміттенеді, еске түсіреді. Оның күткендерінің бәрі іс-әрекет арқылы Дүниеге келіп содан кейін естелікке айналады.
Зұлымдық және оның дүниедегі орны.
Зұлымдық мәселесі - адамзаттың “мәңгілік² мәселелерінің бірі - әрбір Дүниеге келіп пісіп-жетілген ұрпақ өз алдында бұл мәселені қойып, өзінше шешуге тырысады. Августиннің зұлымдық жөніндегі ойы осы уақытқа шейін адамдарды таңғалдырмай қоймайды.
Егер бұл Дүниені жаратқан Құдай болса, онда ол зұлымдықты бұл Дүниеге не үшін әкелді? Егер тіршіліктің зардап шегуіне бола әкелсе, онда ол Мейірімді Құдай емес,- деген пікір қайсыбір адамның ойына келіп, өзін Құдайға қарсы қоюына әкелуі мүмкін.
Августин бұл мәселені егжей-тегжей талдап, оның үш жағын көрсетеді. Олар мәселенің онтологиялық-метафизикалық, моральдық, және физикалық жақтары.
Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде, Ғарышта ешқандай зұлымдық жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, ұлы гармонияны байқаймыз, өйткені, Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші - зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі - түрсіз деп баға береміз - ал оның негізінде адамның өзінің ғана мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың өзінің болмыстық орны, мән-мағнасы бар. Олай болса, ол Дүниежүзілік гармонияның қажетті бөлігі.
Моральдық тұрғыдан алып қарағанда Августин зұлымдықтың түп-тамырын адамның бұзылған еркінен табады. Әрине, адамның еркі, өзінің табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда, шынайы өмірде неше түрлі қызықтыратын өтпелі заттар болғаннан кейін, кейбір жанның еркі Құдайдың көрсеткен жолынан ауытқып жоғарғы игіліктерге ұмтылудың орнына төменгі құндылықтарды таңдайды, Құдайдың орнына - оның жаратқан нәрселеріне ұмтылады. Соңымен, Дүние құрылысының әртүрлілігі, баспалдақтық табиғаты адам еркінің ауытқуына- зұлымдықтың Дүниеге келуіне себепкер болады. Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген уақытша нәрселерге берілу, дүниенің гармониясын бұзуда.
3.Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, өмірде кездесетін бақытсыздықтар, ауру, өлім, жан-дүниенің қобалжып денені қысуы, езуі т.с.с. мұның бәрі де “алғашқы текті күнәнің² салдары, яғни моральдық бұзылудың нәтижесі. Августиннің айтуынша “жан-дүниенің күнәлікке батуы- бұзылған денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға батқан жан дүние денені ауырлатып бүлдіреді,- дейді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет