Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философы



бет55/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175
lektsii po filosofii

Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философы.
Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - Шығыс философиясының жұлдыздарының бірі, сонымен қатар - тарихшы, мемлекет қайраткері.
Солтүстік Африкадағы біршама елбасыларын тәрбиелеп, сол елдерде мемлекет тарабында жұмыс істеген. Ибн-Халдун бірнеше реттей философ-елбасының басшылығымен ²әділетті қоғам² орнату жоспарларын жасап, бірақ, сәтсіздікке ұшыраған. Тағы бір айта кететін мәселе, Ибн-Халдун бірнеше рет Ақсақ Темірмен кездесіп, оған өзінің ақылын айтқан.
Негізгі еңбегі - көптомды ²Араб, парсы, берберлердің тарихынан алынған өнеге болатын мысалдар кітабы². Бұл еңбекке ол кісі әдейі ерекше кітап ретінде ²Кіріспе² (Аль-Муккадима) жазады,- онда негізінен қоғамға деген ұлы ойшылдың әлеуметтік философиялық көзқарастары көрсетілген.
Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ ²Дүние-ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Барлық заттардың негізінде алғашқы 4 элемент жатыр (су, от, ауа, жер). Олар әртүрлі бөлшектік өлшемде бір-бірімен қосылғаныменен, біреуі басым болуы қажет - әйтпесе зат өмір сүре алмайды. Заттың өмір сүруінде шешуші орынды ²туа біткен жылу² алады, ал оның қайнар көзі - отта².
Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үрдістердің адамға тәуелсіз екенін білген. Ал, табиғатта өрлеу бар ма? - деген сұраққа ол кісі былай жауап береді. ²Дүниедегі күрделі субстанцияларға қараңызшы - ол минералдардан басталып, одан кейін өсімдіктер, жануарлар бірінің артынан бірі Дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең тұрпайы өсімдіктерге – мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәрежедегі өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы жануарларға, мысалы, моллюскілерге айналады. Жануарлар әлемі көбейіп және көптүрлі болып, ақырында ойлау қабілеті бар адамға әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері бар, ал ойлау және түсіну мүмкіндіктері жоқ². Сонымен, Еуропа топырағында ХқХғ. Дүниеге келген Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының түп-тамыры осыдан 400 жылдай бұрын тұрпайы түрде Шығыстағы араб топырағында пайда болған.
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және қоғам мәселесін шешуі қажет болған. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін - онсыз өмір жоқ,- бірігеді. Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол жағалай ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші - тағы жыртқыштардан, екінші, адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.
Сонымен, адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен өсіп әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан адам ²табиғаттың туғызған пендесі² ретінде толығынан жағалай ортадан тәуелсіз бола алмайды.
Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері - ол ауа-райы (иклим). Ол жердің бетіндегі ауа-райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6(, ең ыстық (1,2( және қоңыр-жай (4( аймақтар. Ал 3-ші және 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыр-жайға жақын аймақтар.
Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың қаралығы ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың ағы, суықпен байланысты деген пікірге келеді.
Табиғат халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін тамақтары - дене-құрылысына әсерін тигізеді. қазіргі ұғымдармен айтқанда, мұндай көзқарастарды “Географиялық себептікке² (детерминизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағнасына келер болсақ, онда “оның түйіні бар ма² , - деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық ғана емес, сонымен қатар практикалық үлкен мағнасы бар. Мысалы, қазақстан қоғамының ерекшеліктері - оның ауа-райының қаталдығы (7 ай қыс) судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бұл ерекшеліктерімізді ескеріп басқа елдердің жинаған тәжірибелеріне үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді дұрыс шешуге болады.
Ибн-Халдун қоғамдағы жағдайдың бәрі деген табиғатқа байланысты емес дейді. Бір ауа-райы аймағында өмір сүріп жатқан әр-түрлі халықтар біркелкі өмір денгейінде емес. Біреулері – бай болса, екіншілері - кедей.
Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып қоюында емес, сонымен қатар, оның себебіне жету болды. “Біл, ұрпақтардың өмір сүру айырмашылықтарын олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша табатынына байланысты², - дейді Ибн-Халдун. Бұл қоғам өміріне деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы да ашып, теорияға айналдырған болатын.
Сонымен, ұлы ойшыл қоғам өмірінің дамуын экономика саласымен тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселерімен тығыз байланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, жағалай қоршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның негізінде өздері де ғасырдан ғасырға жетіле береді.
Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын көрсетеді. Оны ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы - ²Бидави², екіншісі - ²Хидари². Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағнасын қарасақ, онда Бидави көшіп-қону, ауылдық, алғашқы,- деген мағна береді. Ал Хидари болса, ол қалалық, астаналық,- деген мағнада.
Егер бидави сатысында адамдар мал бағу мен егін егумен айналысса. Хидари сатысында оларға қол өнерлік, сауда, ғылым мен өнер ұсынылады.
Алғашқы бидави сатысынан Хидари (цивилизациялық) сатысына өтудің негізгі себебі - өндіріс дамып қажеттіктен артық заттардың пайда болуы. Қажеттіліктен артық өңдіру - қымбат бағалы заттарды тудырып, соған ие болуға тырмысуды әкеледі. Сымбат киім, тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі қол өнерді әрі қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі. (Теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әртүрін жасау, алтынды, қымбат бағалы тастардың өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)
Сонымен қатар, молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.
Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектеліп қоймай, мәселенің екінші жағын көрсетеді. Ол-алғашқы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке көшу мәселесі. Бұл процесті ол екі ұғыммен (қосымша) береді. Олар “асабийя² және “мульк². Бұл ұғымдар арқылы ойшыл қоғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.
“Асабийя² ұғымының этимологиясын ғалымдар “рух², “бірігу², “ұлттық сезім² ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған. Біріншісі “асаба² (топ) және “асаб² (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды “ру бірлігі², “тайпа бірлігі², ретінде қолданды. Еінші мағнасы - сол белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен қосатын байланыстар.
Ибн-Халдун алғашқы әлеуметтік байланыстар рулық-қандық екенін мойындағанмен, оның сыртындағы материалдық қажеттіктер, қауіп-қатерден сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан, әлеуметтік топтардың құрамы рулық, туысқандық шеңберден шығып әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір руға, басқа жерден келген адам қабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның қарамағына бассұғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с.
Алғашқы сатыдағы адамдардың қарым-қатынастары теңдікке негізделген, өйткені, онда материалдық игіліктерді бөлу мәселесі күн тәртібінде жоқ, артық қундылықтар әлі өндірілмейді. Тайпаның көсемдері басқару ісімен айналысады. Ибн-Халдунның ойынша, басқарудың өзегінде болашақ теңсіздіктің ұрығы жатыр. Өйткені, бір-бірімен тең адамдарды тайпа көсемі өз еркіне көндіріп, тыңдамағандарға зорлық-зомбылық жасауы қажет. Сонымен, басқарудың өзегіндегі ұрық бірте-бірте өсіп күш ала бастайды. Ең алғашқы көсемнің ізімен бірге ерікті жүру бірте-бірте соның еркіне көнуге айналады. Ол пайда болған биліктен алдағы уақытта көсем ешқашанда бас тартпайды, керісінше, оның мәртебесін өсіруге тырысады, - дейді Ибн-Халдун.
Жоғарғы айтылған үрдістер жаңа мүлікке негізделген қатынастардың пайда болуына әкеледі. Біз бұл жерде бізге жақсы таныс арабтың “мүлік² деген сөзінің этимологиясын ашуымыз керек. Бұл сөз біздің сөздікке араб тілінен еңген. Бізге таныс мүлік, байлық, меншік деген мағнасынан тыс араб тілінде бұл сөздің екінші мағнасы бар. Ол - билік. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын “Бай², “Би²; орыс тілінде де “власть², “владеть“ деген сөздердің түп-тамыры бір. Сонымен, Ибн-Халдун “мүлік² деген сөздің екі мағынасын “байлық-билік² ретінде бірге қолданады. “Мүліктің иесі адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша жинайды, басқа елдерге елшілік жіберіп, шекараны қорғайды². Мүлік қатынастары, қорыта келе, байлықтың қайнар-көзі ашылып артық нәрселер пайда болған кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі қолындағы билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығынан пайдаланады, жанындағы туыстарын алыстата бастайды, өйткені, олардың жүрегінде көре алмаушылық пайда болса, көсемде - қызғанушылық сезімі пайда болады.
Тайпалық шеңберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай бағытталып басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса, қорқытып көндіру арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі мемлекеттің пайда болуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет