Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы



бет84/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175
lektsii po filosofii

И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы
Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген. Жастайынан әлсiз бала болып өзiнiң денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған. Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi жан-ұя құрудан да бас тартқан.
И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең² деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негiзгi еңбектерi “сын² деген сөзден басталады. “Таза зерденi сынау² - негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған, “Практикалық зерденi сынау² - мораль мәселелерiне, ал “Пайымдау қабiлетiн сынау²- табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне арналған.
Өзiнiң “сындық кезеңге² дейiнгi өмiр сатысында И.Кант күн жүйесiнiң пайда болуы жөнiнде болжам жасайды. Оның ойынша,, ғарышта тараған әр-түрлi материалдық бөлшектер тарту күшi арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның iшiндегi тарту және оған қарсы бағытталған итеру күштерi үлкен дауылдарды тудырып шарға ұқсайтын ұсақ бөлшектердiң үйкелесуiнiң негiзiнде қызып жанатын объектiлер дүниеге келедi.
Ғарышта бiр жұлдыздық жүйелер пайда болып, екiншiлерi сөнiп жатады. И.Канттың ойынша бiз өмiр сүрiп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан-алуан объектiлер бар. Ал олардың көбi бiз сияқты саналы пәнделердi тудыруы мүмкiн. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгiлiк iс-әрекет пен жаңару жолында өмiр сүредi, ол өзiнiң бiтпейтiн қайта-құру әрекетiн тоқтатпайды.
Өмiрiнiң “сындық кезеңiнде² И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар : “Мен ненi бiле аламын² , “Мен не iстеуiм керек² , “Мен не нәрсеге үмiттене аламын² , “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады² .
И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған ²коперникандық төңкерісі² ²мен нені біле аламын?² деген сұраққа жауап беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген).
Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, априорлық деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн көрсететiндi айтады.
И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиi кездесетiн категориялары - ол трансцендентальдық және трансценденттiк.
Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.
Келесi екi ұғым - ол “зат өз iшiнде², яғни заттың өзiндiгi - оны И.Кант “ноумен² деген ұғыммен бередi, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол “феномен² деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк және ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп тани аламыз. Ал ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. Олар бiздiң түйсiктерiмiздi қоздырушы күштер ғана.Үшiншi мағнасы - өзiндiк зат тәжiрибенiң әр жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үрдісінде бiртi-бiрте жақындай беретiн идеалдар, неше-түрлi рухани құндылықтар ретiнде түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм аймағына жатады.
Егер И.Кантқа дейiнгi ойшылдар танымның негiзi табиғатты аңлауда жатыр деп есептесе, ол дүниетануды адамның белсендi iс-әрекетiмен байланыстырып, осы жолда адам дүниенi өзiнiң априорлық формалары арқылы ретке келтiрiп құрады деген пiкiрге келедi. Философиядағы И.Канттың жасаған коперникандық төңкерiсi деп бiз осыны айтамыз.
И.Канттың танымдық теориясы түйсiктер арқылы берiлетiн әр-түрлi құбылыстардан басталады. Оларды белгiлi бiр ретке келтiретiн априорлық сезiмдiк аңлау формалары бар. Олар - кеңiстiк пен уақыт.
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт - белгiлi бiр сапасыз, бiртектi және шексiз созылымдар. Сезiмдiк аңлаудың таза формалары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық тәжiрибемен қосылған кезде,- шынайы болып келедi. Егер кеңiстiк аңлаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт - априорлық iшкi формасына жатады, өйткенi, уақыт адамға сырттай берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз.
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақытты аңлау математика ғылымының қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде кеңiстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақыт жатыр, өйткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соңынан екiншiсiн келтiру уақыт шеңберiнде оларды санауды қажет етедi.
Алайда сезiмдiк аңлау, қайсыбiр одан шығатын тәжiрибе әрқашанда кездейсоқты, ал бiлiм жалпымағналық және қажеттiк, заңдылық дәрежесiне көтерiлуi керек. Оған жететiн жол - априорлық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейдi. Ол категориялардың қайнар көзiн тәжiрибеден шығармайды - олар да кеңiстiк пен уақыт сияқты априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық категорияларына сан, сапа, қарым-қатынас,модальдық т.с.с. жатады. әңгiменiң ғажаптығы И.Кант осы көрсетiлген категорияларды уштiк арқылы келтiредi. Мысалы, сан категориясын “бiрлiк², “көптiк², “бiртұтастық² арқылы, сапаны - “реалдық² (шынайылық), “терiстеу², “шектеу² т.с.с. шығарады. И.Кант философия саласында Жаңа дәуiрде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлiн көрсете бiлдi.
Сонымен,категориялар арқылы бiз сезiмдiк аңлаумен алынған дүние жөнiндегi қабылдауларды қажеттiлiк, жалпымағналық дәрежеге көтеремiз. И.Канттың айтуына қарағанда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге берiлмеген болар едi, ал ақыл-ойсыз бiрде- бiр нәрсенi ойлауға болмас едi. “Ойлау сезiмсiз - бос, аңлау ұғымдарсыз - соқыр². Ал осы адамның екi қабiлетiн бiр-бiрiмен қоссақ, онда бiз толыққанды бiлiм дәрежесiне көтерiле аламыз. Оны И.Кант тәжiрибе дейдi. Сонымен субъект категориялар арқылы заңдылық пен тәртiптi құбылыстарға берiп, оны табиғат деген атпен бередi. Адам табиғатқа заңдылық берушi. Мұндай көзқарасты, әрине, субъективтi-идеалистiк философия деп әбден айтуға болады.
И.Канттың негiзгi бұл саладағы кемшiлiгi - адамның дүниетанымдағы ой белсендiлiгiн асыра көрсетуiнде. әрине, таным процесiнде адамның шығармашылық iс-әрекетi үлкен рөл атқарады. Осы шығармашылық iс-әрекеттiң негiзiнде адамзаты “екiншi² тағы табиғатқа қарсы тұрған дүниенi жасайды. Алайда бiз бұл “екiншi² табиғаттың тек бiрiншi алғашқы табиғаттың негiзiнде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн.
И.Канттың таным теориясын әрi қарай жалғастырсақ, онда бiз оның тәжiрибелiк танымның әрқашанда толық емес екендiгi жөнiндегi ойын байқаймыз - трансценденттiк әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ адамның санасында ещқашанда жойылмайтын бүкiл дүние жөнiнде “соңғы ақиқатқа² деген құштар бар. Ал мұндай iстi өзiнiң мойнына ақыл-ой емес, зерде алады.
Егер ақыл-ой қабiлетi арқылы бiз категориялдық ғылыми таным дәрежесiне көтерiлсек, зерде арқылы бiз толыққанды танымның “соңғы кiрпiшiне² дейiн көтерiлуге тырысамыз. Сананың шексiздiкке деген құштарлығын зерде шешкiсi келедi. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой мен зерденi адамның ойлау қабiлетiнiң екi бұтағы ретiнде қарайды. Егер ақыл-ой дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде құбылыстың әр жағында жатқан өзiндiк заттың iшкi сырын ашқысы келедi. Зерде ақыл-ой шеңберiнен аттап трансценденттiк әлемге өтуге тырысады.
Ақыл-оймен зерденiң арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшiн И.Кант “идея² ұғымын қолданады. Ақыл-ой категорияларды қолданса, зерде - идеяларды басшылыққа алады. “Қайсыбiр адамның дүниетануы аңлаудан басталып, ұғымдарға өтедi де, идеялармен бiтедi². Яғни идеялардың өрiсi ғылыми категориялардан кең, ол - метафизикалық категориялар. Идеялар арқылы бiз тәжiрибенiң әр жағына өткiмiз келедi, бiрақ ол iс-әрекетiмiз бiздi нәтижеге әкелмейдi. “Идеялар - жетiлгендiк, кемелiне келгендiктi көрсетедi, оған жақындауға болғанмен, бiрақ толығынан жетуге болмайды²,- деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен, зерде ұстай алмайтынды ұстағысы, шешiлмейтiндi шешкiсi келедi.
И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрi бар : олар жан-дүние, әлем және Құдай мәселелерi.
Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны антиномия дейдi, өйткенi, бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен зерде шешiлмейтiн қайшылыққа келiп тiреледi.
И.Канттың төрт космологиялық идеяларын осы жерде келтiрейiк :

  1. Әлемнiң басталған 1.Әлемнiң уақыттық шеңбердегi

уақыты мен кеңiстiктегi басы және кеңiстiктегi шеңберi
шеңберi бар. Ол шектелген жоқ. Ол - шексiз.
2. Әлемдегi қайсыбiр күрделi 2.Бiрде-бiр күрделi зат тұрпайы
субстанция тұрпайы бөлшек- бөлшектерден тұрмайды. Дүниеде
терден тұрады бiрде-бiр тұрпайы нәрсе жоқ.

3.Дүниедегi құбылыстардың 3. Дүниеде ешқандай ерiктiк жоқ.


бәрiн шығаратын табиғаттың Дүниедегiнiң бәрi тек қана
заңдылықтарының негiзiндегi табиғи заңдылықтардың негiзiн-
себептiлiк жаңғыз емес.Кейбiр де өмiр сүредi.
құбылыстарды түсiну үшiн
ерiктi себептiлiктiң бар екенiн
мойындау қажет.



  1. Дүниеге оның бiр бөлшегi 4.Еш жерде абсолюттi қажеттi

я болмаса, себебi ретiнде мән - дүниеде де, дүниенiң
жататын сөзсiз қажеттi сыртында да - себеп ретiнде
мән болуы керек. жоқ.

Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргетасты философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан, оларды диалектикалық тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.


Сонымен, Жаңа дәуiрде И.Кант Қайта Өрлеу заманындағы ғалымдардың iлiмдерiн жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың iргетастығын әлемге паш еттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет